---
title: "Өмір игі істерге берілді"
description: "2016 жылдың 20 мамырда Орал қалалық №24 жалпы білім беретін мектебінде «Өмір игі істерге берілді» та..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2016-05-25T05:06:35+00:00"
modified: "2016-05-25T05:06:35+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/mir-igi-isterge-berildi-694836"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/mir-igi-isterge-berildi-694836/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Өмір игі істерге берілді

> 2016 жылдың 20 мамырда Орал қалалық №24 жалпы білім беретін мектебінде «Өмір игі істерге берілді» та...

2016 жылдың 20 мамырда Орал қалалық №24 жалпы білім беретін мектебінде «Өмір игі істерге берілді» тақырыбында 1 және 5 сынып оқушылары арасында ашық сабақ өткізілді.

Сабақ барысында оқушылар 4 топқа бөлініп, түрлі тапсырмаларды орындады. Сабақ 4 кезеңнен тұрды. «Жақсылық пен жамандық деген не?» деп аталатын бірінші кезеңде балалар адамдардың жақсы және жаман әрекеттері жөнінде айтты. Екінші «Мейірімділік әлемді құтқарады» кезеңінде балалар мейірімділік тақырыбында өлеңдер оқыды. Үшінші кезең «Егер өзің үшін өмір сүргің келсе, өзгелер үшін де өмір сүр» деп аталды. Бұл кезеңде балалар Орал қаласы тұрғындарының жасап жатырған игі істері жөнінде сөз етті. Соңғы кезеңде әр топ мүшелерімен мейірімділік пен зұлымдық, сатылмаушылық пен қорқытып алушылық тақырыбында қойылымдар қойылды.

Кезеңдер арасында 5 сынып оқушылары көңілді жаттығулар жасап, ал бірінші сынып оқушылары үлкендердің қимылдарын қайталап тұрды.

Оқушылар әр деңгейлі жастағы болғандығына қарамастан, барлығы ашық сабаққа белсене қатысып отырды.

Ашық сабақ жұмысына ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілі М.Харесова, мектеп басшылығы мен ата-аналар қатысты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/mir-igi-isterge-berildi-694836](https://yvision.kz/kk/post/mir-igi-isterge-berildi-694836)