---
title: "Өмір бізге не үшін берілген?"
description: "Кей кезде осы ой мені толғандырып отырады. Шынымен, әр нәрсенің өзінің бір мақсаты, мәні болуы тиіс ..."
author: "balbergenov"
published: "2016-06-09T23:36:02+00:00"
modified: "2016-06-10T04:35:49+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/mir-bizge-ne-shin-berilgen-674527"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/mir-bizge-ne-shin-berilgen-674527/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Өмір бізге не үшін берілген?

> Кей кезде осы ой мені толғандырып отырады. Шынымен, әр нәрсенің өзінің бір мақсаты, мәні болуы тиіс ...

Кей кезде осы ой мені толғандырып отырады. Шынымен, әр нәрсенің өзінің бір мақсаты, мәні болуы тиіс қой. Біз бұл әлемде орасан құбылыстардың қатарында өмір сүріп келеміз. Қанша ғұлама ойлар мен жаңалықтар аштық. Қанша дүние құрдық. Сонда да, адам кейіпінен арылмадық. Қоршаған табиғатымызды зерттеп, ғарышты да бағындырдық. Бірақ өміріміздегі ең негізгі сұраққа нақты жауап ала алмадық. Жалпы мына өмір бізге не үшін берілді?!

Біріншіден, сіз исламға жүгініп, өмір бізге Аллаға құлшылық етіп, ризығы үшін өмір сүруге берілді дерсіз. Мен де бұл тұжырымдамаға негізделемін. Бірақ, о дүниеде біздің жинаған дүниеміздің түк керегі жоқ! Сіз намазыңыз түзеу, оразаңыз нық, садақаңыз түгел азамат болуыңыз шарт. Ал енді өз өміріңізге көз жүгіртіңіз. Сізге бір күнде 24 сағат беріледі. Сол 24 сағаттың орташа алғанда 8 сағаты ұйқымен өтеді. Қалғаны 16 сағат. 16 сағаттың 10 сағаты жұмыс кабинетіңізде өтеді. Сонда сізде 6 сағат қалмақ. 6 сағаттың 2 сағаты тамақтану, жуыну, жол деген қажеттіліктерге кетеді. Сонда 24 сағаттың 4 сағаты сізге қалғаны. Осы 4 сағат келгенде әбден шаршап, демалғыңыз келеді. Сонымен күн де өтті. Осылай әр күн сайын, әр апта сайын, жыл бойы. Ал сенбі-жексенбі апта бойы жиналған үй және жеке шаруаларды бітірумен өтеді. Сонда, егер сіз осы өмір тәртібінде өмір сүрсеңіз, Аллаға құлшынбай, дүниелік шаруалар арасында басыңыз айналып жүрсе, өміріңіз күн сайын бостан босқа өтуде! Сіздің күні бойы бастыққа жасаған есебіңіздің керегі не? Садақа бермесеңіз?! Мейлің жұмысыңда өсіп, бастық болсаңыз, мейлің министр, тіпті президенттің өзі болсаңыз оның керегі не? Егер бес уақыт намаз оқымасаңыз?! Иә, сіз садақаны беру үшін де ақша қажет дерсіз. Бала-шағаңды асырау үшін де ақша қажет. Бірақ сол ақша жүйесіне біз қашан бойсұнып қалдық? Мына кең әлемде нешетүрлі жерлер бар ғой, неш түрлі адамдар, неше түрлі қоғамдар, неш түрлі елдер, жерлер, сулар, таулар! Өмірімізді басқа бағытқа жұмсамай, төрт қабырғалы кабинетте отыруды кім ойлап шығарды?

Біз тек қана алып жүйенің бір кішкентай тетігіміз. Бұл өмір сүру жүйесі бізден бұрын басталып, бізден кейін жалғасатыны сөзсіз. Өзіңіз ойланыңызшы, балалық шағыңызда ойыңызда қанша арманыңыз болды. Ол армандарыңыз қазір де бар. Қазіргі жүйе сіздің армандарыңызды ұмыттырды. Өйткені жүйе талабы арманды жақтырмайды. Өзіңіз ойланыңыз, адамдар армандай берсе, анау есепті кім жасайды? Бірақ армандарыңыз жоғалған жоқ, иә сіз ұмыттыңыз, бірақ жойған жоқсыс. Өйткені ішіңізде сол армандарыңыз бір күні орындалады деген үмітіңіз бар. Үмітіңіз бар, жоғалған жоқ. Сол армандарыңызды ойласаңыз, бойыңызда рух көтеріліп, жүзіңізге күлкі орнайды. Ойлап көріңіз. Ал бұл құбылыс үміттің белгісі.

Біз көп қателік жасаймыз. Әрине, пендеміз ғой. Бірақ, армандарымызды ұмытып, өмірді босқа өткізу - бұл тым үлкен қателік. Сондықтан ойланайық ағайын. Өз өміріңізге көз жүгіртіңіз. Қаншалықты өміріңізге қанағаттысыз. Жасап жүрген ісіңіз өзіңізге ұнайды ма? Ұнамаса ол жерде неге отырсыз? Бақыттысыз ба? Армандарымызды іске асырайық, бізден басқа оны ешкім жасамайды! Алла разы болсын!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/mir-bizge-ne-shin-berilgen-674527](https://yvision.kz/kk/post/mir-bizge-ne-shin-berilgen-674527)