---
title: "«Өмір» атты өзенде жүзу үшін, ең алдымен «мектеп» атты кемеге отырасың."
description: "Бір аптадан соң алғашқы қоңырау соғылып, білім күні ата өтілмек. Қызық, жазғы каникул да өте шықты з..."
author: "ERKANAT_NAIMAN"
published: "2016-08-23T05:53:56+00:00"
modified: "2016-08-23T05:53:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/mir-atty-zende-zh-zu-shin-e-aldymen-mektep-atty-kemege-otyrasy-708300"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/mir-atty-zende-zh-zu-shin-e-aldymen-mektep-atty-kemege-otyrasy-708300/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Өмір» атты өзенде жүзу үшін, ең алдымен «мектеп» атты кемеге отырасың.

> Бір аптадан соң алғашқы қоңырау соғылып, білім күні ата өтілмек. Қызық, жазғы каникул да өте шықты з...

Бір аптадан соң алғашқы қоңырау соғылып, білім күні ата өтілмек. Қызық, жазғы каникул да өте шықты зырғып, іні-қарындастарыма қызығып отырмын мектепке баратын. "Өмір" атты өзенде жүзу үшін, ең алдымен "мектеп" атты кемеге отырасың. Ол кемеге небір дарынды тұлғалар да, әлемді бас идірген толағайлар да отырды, сіз де отырдыңыз, біз де отырдық. Қазір мектеп бітіргенімізге бақандай он жылдан асса да, сонау сағынышқа айналған оқу кезеңдерін естен шығара алмаймыз. Өйткені сынып мектебі бізді өмір мектебіне жетеледі, үйрендірді, жирендірді. Биыл үштілділік пен жаңа білім стандарты енгізіліп, балалар бес күндік білім алуға көшеді. Сіз бен біз оқыған мектеп өзгереді аздап. Ұстаздар қауымына бас ие отырып, әрдайым жаңа оқу жылы басталарға жақын мектепті еске алатыным бар. Сіз оқушы кезіңізде кім болғыңыз келетін? ))) Өзіңіздің бала махаббатыңыз есіңізде ме?

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/mir-atty-zende-zh-zu-shin-e-aldymen-mektep-atty-kemege-otyrasy-708300](https://yvision.kz/kk/post/mir-atty-zende-zh-zu-shin-e-aldymen-mektep-atty-kemege-otyrasy-708300)