---
title: "Минск қаласында қазақ күресінен ІV Әлем чемпионаты өтеді"
description: "21-22 желтоқсан күндері Беларус астанасы — Минск қаласында қазақ күресінен ІV Әлем чемпионаты өтеді..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-12-19T23:36:26+00:00"
modified: "2013-12-19T23:36:26+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/minsk-alasynda-aza-k-resinen-iv-lem-chempionaty-tedi-391943"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/minsk-alasynda-aza-k-resinen-iv-lem-chempionaty-tedi-391943/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Минск қаласында қазақ күресінен ІV Әлем чемпионаты өтеді

> 21-22 желтоқсан күндері Беларус астанасы — Минск қаласында қазақ күресінен ІV Әлем чемпионаты өтеді...

[!\[Минск қаласында қазақ күресінен ІV Әлем чемпионаты өтеді\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/12/20131220092522-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/12/20131220092522.jpg)

21-22 желтоқсан күндері Беларус астанасы — Минск қаласында қазақ күресінен ІV Әлем чемпионаты өтеді. Байрақты бәсекеге әлемнің 40-қа жуық мемлекетінен 200-ден астам балуан қатысады деп күтілуде, деп хабарлайды Baq. kz .

Аталған сында ел намысын қорғайтын спортшылар:

60 келі — Абзал Арыстанбеков 70 келі — Ерлан Естек 80 келі — Ерсін Мұхамеджанов 90 келі — Мұхит Тұрсынов +90 келі — Айбек Нұғымаров

Естеріңізге болса, Абзал Арыстанбеков, Ерлан Естек, Ерсін Мұхамеджанов және Мұхит Тұрсынов тұңғыш рет Тараз қаласында өткен «Еуразия барысы» халықаралық турнирінде тамаша өнер көрсеткен болатын. Сондай-ақ, бұл дүбірлі додада «Қазақстан барысы-2013″ турнирінің жеңімпазы Айбек Нұғымаров та бозкілемге шығады. Ұлттық құраманың балуандары көк туымызды желбіретеді деп сенеміз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/minsk-alasynda-aza-k-resinen-iv-lem-chempionaty-tedi-391943](https://yvision.kz/kk/post/minsk-alasynda-aza-k-resinen-iv-lem-chempionaty-tedi-391943)