---
title: "Министр сегізінші сынып оқушысының зорлануына қатысты пікір білдірді"
description: "Еліміздің ішкі істер министрі Ержан Сәденов Астанадағы оқушы қыздың зорлануына қатысты пікірін..."
author: "jan.123"
published: "2024-01-31T06:35:35+00:00"
modified: "2024-01-31T06:35:35+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ministr-segizinshi-synyp-o-ushysyny-zorlanuyna-atysty-pikir-bildirdi-1000497"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ministr-segizinshi-synyp-o-ushysyny-zorlanuyna-atysty-pikir-bildirdi-1000497/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Министр сегізінші сынып оқушысының зорлануына қатысты пікір білдірді

> Еліміздің ішкі істер министрі Ержан Сәденов Астанадағы оқушы қыздың зорлануына қатысты пікірін...

Еліміздің ішкі істер министрі Ержан Сәденов Астанадағы оқушы қыздың зорлануына қатысты пікірін білдірді.

![Министр сегізінші сынып оқушысының зорлануына қатысты пікір білдірді](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/32b6c143e73551a76aba2a7933c82d.jpg)

Фото: bizmedia.kz-

Сәденов осындай жағдай болғанына қынжылатынын жеткізді.

«Біз оларды анықтадық. Олар да кәмелет жасына толмағандар. Қазір қылмыстық іс жүргізіліп жатыр. Кәмелет жасына толмаған 4 бала ұсталды», – деді министр.

Айта кетейік, Астанада мектеп оқушыларының сегізінші сыныпта оқитын қызды жабылып зорлағаны туралы алдыңғы күні мәлім болған еді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ministr-segizinshi-synyp-o-ushysyny-zorlanuyna-atysty-pikir-bildirdi-1000497](https://yvision.kz/kk/post/ministr-segizinshi-synyp-o-ushysyny-zorlanuyna-atysty-pikir-bildirdi-1000497)