---
title: "Министр \"баланың ораза ұстағаны дұрыс па?\" деген..."
description: "Балаға ораза ұстатар алдында оның денсаулығына ерекше мән беру керек. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді. \"Жалпы алғанда, баланың ағзасы тез өседі және күнделікті көп энергия жұмсайды. Сондықтан осы энергияны..."
author: "jan.123"
published: "2024-03-18T09:57:24+00:00"
modified: "2024-03-18T09:57:24+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ministr-balany-oraza-sta-any-d-rys-pa-degen-s-ra-a-zhauap-berdi-1002378"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ministr-balany-oraza-sta-any-d-rys-pa-degen-s-ra-a-zhauap-berdi-1002378/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Министр "баланың ораза ұстағаны дұрыс па?" деген...

> Балаға ораза ұстатар алдында оның денсаулығына ерекше мән беру керек. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді. "Жалпы алғанда, баланың ағзасы тез өседі және күнделікті көп энергия жұмсайды. Сондықтан осы энергияны...

Балаға ораза ұстатар алдында оның денсаулығына ерекше мән беру керек. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.

![Министр "баланың ораза ұстағаны дұрыс па?" деген...](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/3111d4ffa2f8e7460b6dcefdbb73f1.jpg)

"Жалпы алғанда, баланың ағзасы тез өседі және күнделікті көп энергия жұмсайды. Сондықтан осы энергияны уақылы толықтырып отыруы керек. Атап айтқанда, әрбір ата-ана балаларының дамуына қатысты мәселені түсінуі керек. Баланың денсаулығы үшін уақытылы, сапалы әрі теңгерімді тамақтануы өте маңызды деп есептеймін", - деді министр.

Сондай-қ Ақмарал Әлназарова баланың жас ерекшелігін де назарға алу керектігіне тоқталды.

"Әр ата-ана баласына рұқсат берсе, бұл өз отбасы ішіндегі жеке мәселесі екені түсінікті. Бірақ бала белгілі бір жасқа дейін дұрыс тамақтануы керек деп санаймын. Менің ойымша, 16-17 жасқа дейін, яғни барлық органдарының толық қалыптасуына мән беру керек", - деді ол.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ministr-balany-oraza-sta-any-d-rys-pa-degen-s-ra-a-zhauap-berdi-1002378](https://yvision.kz/kk/post/ministr-balany-oraza-sta-any-d-rys-pa-degen-s-ra-a-zhauap-berdi-1002378)