---
title: "Minecraft Rivercraft-ты іске қосады"
description: "Бүгін Minecraft негізгі мақсаты балаларды су тасқыны мен климаттың өзгеруі салдарынан болатын жағым..."
author: "cybersport.kz"
published: "2022-04-07T04:41:27+00:00"
modified: "2022-04-07T04:41:27+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/minecraft-rivercraft-ty-iske-osady-964271"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/minecraft-rivercraft-ty-iske-osady-964271/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Minecraft Rivercraft-ты іске қосады

> Бүгін Minecraft негізгі мақсаты балаларды су тасқыны мен климаттың өзгеруі салдарынан болатын жағым...

Бүгін Minecraft негізгі мақсаты балаларды су тасқыны мен климаттың өзгеруі салдарынан болатын жағымсыз әсерлерге оқытып үйрету болып табылатын Rivercraft-жаңа әлемді іске қосты

Онда балаларға су тасқынын басқаруға, су тасқынының алдын алуға және біздің жергілікті ортаға қатысты экологиялық мәселелерді түсінулеріне көмек беретін үш ойын ұсынылды.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/492202/daec4b0d97f25fa32fbe4602134b60.jpg)

Жаңа ойын әлемі Sustainability Advocacy қоршаған ортаны қорғау жөніндегі коммерциялық емес агенттігімен және BlockBuilders сандық жастармен өзара әрекеттесіп жұмыс істеу жөніндегі ұйыммен бірлесе отырып, әзірленді.

«Олар су тасқыны туралы білді, олар су тасқынынан қорғайтын жергілікті орындардың қандай әрекет жасайтындығын түсінді, және де өздері тұрып жатқан қауымдастық жайлы көбірек білім алды», - деді Minecraft оқу бағдарламаларының директоры Джастин Эдвардс.

Rivercraft - бұл балаларды экологиялық дағдыларға, су тасқыны тетіктеріне және олардан қорғауға оқыту. Сонымен, ойын әлемі оларға жобаларды, командалық жұмысты, инженерлік тұжырымдамалар басқаруға және әлемнің қай жерінде болса да тұрып жатқан басқа адамдармен өарым-қатынас жасауға оқытады

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/minecraft-rivercraft-ty-iske-osady-964271](https://yvision.kz/kk/post/minecraft-rivercraft-ty-iske-osady-964271)