---
title: "Міне, қызық..."
description: "Германия елінен елшілер келді Осы маусымның басында жастар саясатының, қоғам өміріне араласу белсенд..."
author: "Bakhyt_Asenova"
published: "2011-08-19T06:12:06+00:00"
modified: "2011-09-09T02:31:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/mine-yzy-185367"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/mine-yzy-185367/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Міне, қызық...

> Германия елінен елшілер келді Осы маусымның басында жастар саясатының, қоғам өміріне араласу белсенд...

**Германия елінен елшілер келді ** Осы маусымның басында жастар саясатының, қоғам өміріне араласу белсенділігінің даму саласымен танысу үшін Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастық аясында Германияның елшілері Астанаға келген еді. «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы ардақты қонақтарды қарсы алу мәртебесіне ие болды.

Бүгінде бiздiң елдегi жастар саясаты мәселесi өте қызықты мәселелер қатарына жататынын білеміз. Осы орайда **«Deutsche Welle», DRadio Wissen» **үшiн немiс фрилансерлері Қазақстанға бес күндік сапармен келді.** **Неге десеңiз, Қазақстанның қазiргi даму қарқыны өте жоғары. Бiз бұрынғы Кеңестер Одағы құрамындағы елдердi былай қойғанда, экономикалық өркендеу жағынан кейбiр Еуропа елдерiн де басып оздық. Сондықтан, барлық әлеуметтiк, экономикалық, саяси үдерiстер шетелдіктердің назарынан қалыс қалмауы айдан анық.

Енді, аталмыш фрилансерлермен танысу уақыты да келіп жеткен сияқты. Ендеше, таныс болайық, назарларыңызда:

![Міне, қызық...](https://storage.yvision.kz/images/user/bakhyt_asenova/h14ADmqxlHOKIfXYU20zjilY9LA6V2.jpg)

**Клаус Янсен **- салмақты әрі байсалды мейман.

![Міне, қызық...](https://storage.yvision.kz/images/user/bakhyt_asenova/uozyGVrpR7WGFnkOaL0h7KYIhJ4I4B.jpg)

**Мартин Щютц** - жан-жақтылығымен ерекшеленетін жан.

![Міне, қызық...](https://storage.yvision.kz/images/user/bakhyt_asenova/28FG5CA6tQ74xEyO836dg4ZVEGlhF7.jpg)

және жас либерал **Максимилиан Хайлман** - кішіпейілділік және қарапайымдылық оған тән.

Қонақтарымыз бірінші күні Астана қаласына саяхат жасауды жөн көріп, Есіл өзенінің оң жағалауының ең көрікті жерлерін аралап шыққан болатын.

![Міне, қызық...](https://storage.yvision.kz/images/user/bakhyt_asenova/P2TStzgywzchknvA5bM9gwFonyhzR0.jpg)

Барлығы атайтындай, әлемнің сегізінші таңғажайыбы Бейбітшілік және келісім сарайынан бастаған едік.

![Міне, қызық...](https://storage.yvision.kz/images/user/bakhyt_asenova/a7vUv3bWu75wNKH9aEYP14xAyEnwK8.jpg)

архитектуралық жаңашылдыққа тәнті болып, таңқаларлық сезімге бөленді.

![Міне, қызық...](https://storage.yvision.kz/images/user/bakhyt_asenova/tJgqqC4G37Pc5IhaODYcs8ed5iQp4J.jpg)

Мартин, ғимараттың шынында да таңғажайыпқа ұқсайтынын айтты.

![Міне, қызық...](https://storage.yvision.kz/images/user/bakhyt_asenova/31cB5Lz8OaExw2N1eEy6wGxh9pQpOR.jpg)

![Міне, қызық...](https://storage.yvision.kz/images/user/bakhyt_asenova/ddSdpAQnFd7Q8DBPhLie1E7st2nqZS.jpg)

Сәулет өнерінің бірегей туындысы - “Бәйтерек” кешеніне кірмей болмайды.

![Міне, қызық...](https://storage.yvision.kz/images/user/bakhyt_asenova/hJ6KDPINpLV2sx29cXcpASKRltgWX8.jpg)

![Міне, қызық...](https://storage.yvision.kz/images/user/bakhyt_asenova/R93dBG507r0066i40M37AtLuf70w9E.jpg)

![Міне, қызық...](https://storage.yvision.kz/images/user/bakhyt_asenova/YZdUYj5QiCttWm4NalSd0Qb6tv7heX.jpg)

Қуаныштан жүзі бал-бұл жанған Клаус.

Қазақ елінің жиырма жылдық шежіресінен сыр шертетін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде

![Міне, қызық...](https://storage.yvision.kz/images/user/bakhyt_asenova/L6JFmyst06i7iX0kbAinqxJOk3HTS2.jpg)

**"Ең бастысы - тазалық пен тәртіп"**, - дейді Мартин.

![Міне, қызық...](https://storage.yvision.kz/images/user/bakhyt_asenova/15X1Uk3BkSU5y44nRQx58G0RpiTSli.jpg)

![Міне, қызық...](https://storage.yvision.kz/images/user/bakhyt_asenova/KSryub0s30YrChPQz1NYP1E7motine.jpg)

Туындаған сурақтарға мәнді жауап та ала алған сияқты.

![Міне, қызық...](https://storage.yvision.kz/images/user/bakhyt_asenova/iDymn9P6u8250kXdBa0izORX3Zmf2e.jpg)

міне, естелік суреті де дайын болыпты.

Келесі күні неміс меймандарымыз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған ат – спорттық мерекесін тамашалап, қазақтың ұлттық ойындарымен, салт-дәстүрімен танысты.

![Міне, қызық...](https://storage.yvision.kz/images/user/bakhyt_asenova/cw9OFTLEhIJNYL2gv556FH1c96H5vV.jpg)

![Міне, қызық...](https://storage.yvision.kz/images/user/bakhyt_asenova/nWScOj82Lp164mZBMWd0GyL6hY7jI8.jpg)

![Міне, қызық...](https://storage.yvision.kz/images/user/bakhyt_asenova/hAh7Vj7PCre98h92dse46ETcrmxK9K.jpg)

"Қазақтың жүзден жүйрік тұлпарын-ай!"

![Міне, қызық...](https://storage.yvision.kz/images/user/bakhyt_asenova/E9088Ox1KUhAYX7WLuWRb6A3vlBqSO.jpg)

Серуендеп, репортаж түсіріп, сұхбат та алуға үлгерген.

Жер бетінде адамды өзіне шексіз тарта білетін, қиялын шарықтататын орындар бар. Біздің планетамыздағы осындай тартымды, көрікті жерлердің бірі – Бурабай шатқалы екені бәрімізге мәлім шығар. Мұндай керемет жерге қонақтарды апарып көрсетпесе тағы болмайды. Сондықтан да делегацияның сұрауы бойынша Бурабай курорттық аймаққа да барып келгенбіз.

![Міне, қызық...](https://storage.yvision.kz/images/user/bakhyt_asenova/uITCX1ASAD3y16C7rWFEpvNGqHxS65.jpg)

![Міне, қызық...](https://storage.yvision.kz/images/user/bakhyt_asenova/rP2d87Jq8llFeEu19lR1h2CTNnidOr.jpg)

![Міне, қызық...](https://storage.yvision.kz/images/user/bakhyt_asenova/PT2m6afe1I725iEd39C9eJZwlUTZ4U.jpg)

Тамсанып тұрған көрінісін біз де байқап қалғанымыз жақсы болды-ау.

![Міне, қызық...](https://storage.yvision.kz/images/user/bakhyt_asenova/uRElYRglAfI4hr9m44s7Z0uBQUaCub.jpg)

Тамаша демалыстан соң журналистер қауымы Қарағанды қаласына барып мұндағы волентерлік клубымен танысып, толғандырған сұрақтарын қойды.

![Міне, қызық...](https://storage.yvision.kz/images/user/bakhyt_asenova/36L8vrHtn6y7SxKO81Iz3V3QRn10UJ.jpg)

Сонымен қатар, жасыл елдіктердің жұмыс объектілерін аралап шығуды ұйғарып, сарбаздардың өздерінен мән-жағдайды білуге құлшынды.

![Міне, қызық...](https://storage.yvision.kz/images/user/bakhyt_asenova/8X91Ky29s6A1DxjW8tJ2HW9iGDAN44.jpg)

![Міне, қызық...](https://storage.yvision.kz/images/user/bakhyt_asenova/ChFZ220KKjusRI1oV7p2223vt7b0lR.jpg)

![Міне, қызық...](https://storage.yvision.kz/images/user/bakhyt_asenova/R9jojSe4h28jCiCyN8y2d1Lq4876p8.jpg)

Астанаға келісімен құрметті елшілер өз іс сапарларын қорытындылап, республикалық жастар ұйымдарының өкiлдерiмен кездескен.

Кейін, "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтарының Республикалық Штаб жетекшісі Салиходжаев Искандерге шексіз алғыстарын айтып сый-сияпат білдірген болатын.

![Міне, қызық...](https://storage.yvision.kz/images/user/bakhyt_asenova/898EbcPM5lX7Um1cYj7YxgW3Q2vkT6.jpg)

Кетерде керемет көңіл-күймен ардақты елшілер қаламыз туралы жылы лебіздер айтқан еді. Олардың пікірінше, Астана – жас әрі арман қала. Бұл –жастардың және болашақтың шаһары. Сонымен қатар, татулық пен достық мекені. Рухани бірлік, мәдениеттер үндестігі және келісім ордасы.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/mine-yzy-185367](https://yvision.kz/kk/post/mine-yzy-185367)