---
title: "Міне, алақай!"
description: "Қараңғы тұман түнде еді,Қара қазақ баласы.Ай мен күн һәм жұлдыз жоқ,Жым-жырт сахра даласы:Дау мен жа..."
author: "Xit"
published: "2018-02-05T12:48:10+00:00"
modified: "2018-02-05T12:48:10+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/mine-ala-ay-795411"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/mine-ala-ay-795411/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Міне, алақай!

> Қараңғы тұман түнде еді,Қара қазақ баласы.Ай мен күн һәм жұлдыз жоқ,Жым-жырт сахра даласы:Дау мен жа...

Қараңғы тұман түнде еді,

Қара қазақ баласы.

Ай мен күн һәм жұлдыз жоқ,

Жым-жырт сахра даласы:

Дау мен жанжал, партия

Болған еді арасы.

Жасытып еді бұларды

Қараңғы түннің қарасы.

Жиырманшы ғасыр басында

Міне алланың панасы:

Бір жағынан ай туып,

Бір жағынан күн туып,

Жарық көрді алашы!

Шолпаннан үміт тағы да:

Біріксе елдің данасы;

Бұл үшеуі тізіліе,

Бейне қолдың саласы.

Көңіл менен көзді ашып,

Алға сүйреп барасы;

Бұл жарықтар барында,

Кім адасып қаласы?

Сұлтанмахмұт Торайғыров

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/mine-ala-ay-795411](https://yvision.kz/kk/post/mine-ala-ay-795411)