---
title: "Міндетті алдын ала ақпараттандыруды енгізу кезінен бастап бір жылдан астам уақыт өтті."
description: "Сонда да сыртқы сауда операцияларына қатысушылардың барлығы дерлік алдын ала ақпараттандырудың артық..."
author: "KTK_MF_RK"
published: "2013-08-26T08:27:18+00:00"
modified: "2013-08-26T08:27:18+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/mindetti-aldyn-ala-a-parattandyrudy-engizu-kezinen-bastap-bir-zhyldan-astam-ua-yt-tti-370937"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/mindetti-aldyn-ala-a-parattandyrudy-engizu-kezinen-bastap-bir-zhyldan-astam-ua-yt-tti-370937/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Міндетті алдын ала ақпараттандыруды енгізу кезінен бастап бір жылдан астам уақыт өтті.

> Сонда да сыртқы сауда операцияларына қатысушылардың барлығы дерлік алдын ала ақпараттандырудың артық...

Сонда да сыртқы сауда операцияларына қатысушылардың барлығы дерлік алдын ала ақпараттандырудың артықшылықтары туралы ақпаратты меңгермейді.

Кеден органдарының алдын ала ақпараттандыруы әкімшілік тоқсауылдарды төмендетуге, өткізу пунктерінің өтуін жеделдету және кедендік рәсімдерді оңтайландыруға бағытталған.

Қазақстанның кеден қызметі Қазақстан Республикасы кеден органдарының - [pi.customs.kz](http://vk.com/away.php?to=http%3A%2F%2Fpi.customs.kz&post=-48932892_196). Web-порталының көмегімен алдын ала ақпаратты қабылдауды жүргізеді. Сыртқы экономикалық қызметтің кез келген қатысушылары үшін Порталда тіркелу және оларға көрсетілетін қызмет көрсетулер тегін.

Әкелінетін тауарларды өткізу пунктінде кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастыру үшін белгіленген көлемде алдын ала ақпаратты ұсыну кезінде ол транзиттік декларацияның электрондық көшірмесі ретінде қолданылатын болады.

Кеден органдарына алдын ала ақпаратты ұсыну, өткізу пунктерінде кедендік формальдылықтан өту кезінде тек уақытша ғана емес, және де қаржылық шығындарды да ерекше төмендетеді. Осыдан басқа, транзиттік декларацияның қағаз тасымалдағышын басып шығару қажеттілігін алып тастайды, оның орнына көлік (тасымалдау) және коммерциялық құжаттар пайдаланады.

Қазіргі кезде автомобиль өткізу пунктері арқылы тасымалданатын тауарларға қатысты транзиттік декаларациялардың 90 % астамы алдын ала ақпараттандыруды қолдана отырып беріледі.

Сонымен қатар, КОК Шешімдерінің нормаларына сәйкес, алдын ала ақпаратты ұсынбаған жағдайда, мүдделі тұлға оны өткізу пунктіне келгеннен кейін екі сағат ішінде кеден органдарының ақпарат жүйесіне ұсынады.

Қазіргі кезде алдын ала ақпараттың негізгі көлемі өткізу пунктінде тікелей келуі кезінде беріледі.

Осылайша, ақпаратты дер кезінде өңдеу жолымен өткізу пункті арқылы тауарларды өткізуді жеделдетуге бағытталған алдын ала ақпараттандырудың негізгі принципі жоғалады.

Осыған байланысты, КОК Шешіміне, өткізу пунктінде алдын ала ақпаратты ұсынуды қарастыратын нормаларды алып тастау бөлігінде өзгерістер енгізу жоспарланып отыр.

Осыдан басқа, теміржол көлігімен өткізілетін тауарларға қатысты алдын ала ақпараттандыруды енгізу жоспарлануда.

Қазіргі кезде Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімінің жобасы дайындалған, ол мемлекетаралық келісім рәсімінен өтуде.

Осылайша, алдын ала ақпаратты, тауарлар мен көлік құралдары өткізу пунктіне келгенге дейін күні бұрын ұсыну шекарадан өтудің барынша қолайлы және қысқа рәсімін жасайды.

Кеден органдарына алдын ала ақпаратты ұсыну үшін Интернетке қолжетімділік бар компьютер жеткілікті.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/mindetti-aldyn-ala-a-parattandyrudy-engizu-kezinen-bastap-bir-zhyldan-astam-ua-yt-tti-370937](https://yvision.kz/kk/post/mindetti-aldyn-ala-a-parattandyrudy-engizu-kezinen-bastap-bir-zhyldan-astam-ua-yt-tti-370937)