---
title: "Әмина Өмірзақованың мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланады"
description: "Бұл туралы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрыны..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2019-02-25T16:50:15+00:00"
modified: "2019-03-19T11:29:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/mina-mirza-ovany-mereytoyy-yunesko-k-leminde-toylanady-827113"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/mina-mirza-ovany-mereytoyy-yunesko-k-leminde-toylanady-827113/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әмина Өмірзақованың мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланады

> Бұл туралы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрыны...

Бұл туралы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры Азамат Сатыбалды хабарлады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында әдебиет, музыка және театр, сондай-ақ өнер саласындағы тұлғалық имиджді қалыптастыру қажеттілігі атап өтілді. 2019 жылы «Ұлы тұлғалар» сериясында Халық әртісі, Ғабит Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театрының қызметіне өмірінің елеулі бөлігін арнаған Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әмина Өмірзақованың 100 жылдығын ЮНЕСКО көлемінде атап өтеді», - деді Азамат Сатыбалды.

Театр басшысы бұл қазақ театр өнерінің үлкен жетістігі және қоғамдық сананы модернизациялау көрсеткіштерінің бірі екенін айтты.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/410485/47a3db225f0ad8e0f1a3345b64de50.jpg)

Әмина Өмірзақова 1919 жылы 8 наурызда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Өмірзақова Әмина Ерғожаевна ұжымдық шаруа отбасында дүниеге келді. Ол туылғаннан кейін көп ұзамай әкесі қайтыс болды, ал оның отбасы ағасы Қаптағайдың қамқорлығында қалды. Одан кейін 1930-шы жылдардағы ашаршылық кезінде отбасының тұрмыс жағдайы өте қиын болды. Әмина Өмірзақованың бойында әртістік өнер әрдайым болды. 1934 жылы ол Ленинградта драма мектебіне оқушыларды қабылдау өтіп жатқанын естіп, өзінің бағын сынап көруге шешім қабылдады. Қабылдау бөлімін басқарған В. В. Меркурев Әмина Өмірзақованы көріп, оның жастығын көріп, оған күдікпен қарады. Ол одан «Өрт» этюдін ойнауды сұрады, Әминаның ойынын көргенде, ол жағымды таңданып, оған: «Актриса боласың, қыз» деді. Осылайша Әмина Өмірзақова Ленинград мемлекеттік театр институтына түсті, оны 1938 жылы бітірді.

«әМИНАНЫҢ АДАМГЕРШІЛІГІ КҮШТІ. оЛ – ӨМІРДЕГІ ҚАНДАЙ ҚИЫНШЫЛЫҚҚА БОЛСЫН МОЙЫМАЙТЫН АЗАМАТ, АҚЫЛДЫ АПА, ДОС, ЖОЛДАС»

Мәкіл Құланбаев, Қазақстанның КСР-інің еңбек сіңірген артисі

![](https://storage.yvision.kz/images/user/410485/7cba7ddf5872690d6999c83bd31bb1.jpg)

1945 жылы Н.Сацтың бастамасымен Алматыда Балалар мен жасөспірімдер театры ашылды. Жаңа театрға Әмина Өмірзақова шақырылды және Уильям Шекспирдің «Екі верониан» пьесасында Джулия рөлінде алғаш рет сахынаға шығады. Өмірзақова зейнеткерлікке дейін осы театрда жұмыс істеді және онда жүзден астам рөлді ойнады. Театрда өнер көрсетумен қатар, Әмина Өмірзақова фильмдерде өнерін қатар алып жүрді.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/410485/59b9117f3b455b2b4d5325175224da.png)

1945-1963 жылдар аралығында ол фильмдерде бірнеше рөлді ойнады: Э.Дзиганның «Жамбыл», П.Боголюбовтың «Қыз-жігіт», А. Слободник пен Е. Файканың «Қанатты сыйлық», Ш. К. Айманов және басқалардың фильмдеріне түсті. 1958 жылы Өмірзақоваға Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі атағы берілді.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/410485/ecf5ea542d92ff737bfefeb2e689b8.png)

«Әмина апайды ешкім қайталай алмайды. Бұл кісі – 100 жылда бір туатын тұлғалардың бірі»

Қасым Жәкібаев, Қазақстанның халық әртісі

1963 жылы Әмина Өмірзақова «Ана туралы аңыз» атты фильмде үлкен рөл ойнады. Бұл рөл актрисаның мансабындағы ең табысты рөлдердің бірі болды, ал фильм - қазақстандық кинематографияның ең табысты жұмыстарының бірі атанды. Фильм Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды, 1941 жылы Ленинградтағы Бүкілодақтық кинофестивальда үздік әйел рөлімен Әмина Ерғожаевна марапатталды. Осыдан кейін 1963-1968 жылдар аралығында Әмина Өмірзақова Б.Б. Әбділдаев пен Л.А. Гуревичтің «Самая послушная» Ш.К. Аймановтың «Безбородый обманщик» фильмдерінде ойнады.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/410485/505a4bc00be3accff0f44ddf962fd5.jpg)

Кино өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін актрисаға 1965 жылы Қазақ КСР халық әртісі атағы берілді. 1999 жылы актриса «Отан» орденімен марапатталды, ал 2001 жылы «Тарлан» сыйлығының лауреаты атанды. Әмина Өмірзақова 2006 жылы 26 қыркүйекте Алматы қаласында қайтыс болды.

«Қазақ атты қасиетті де киелі халықтың қарапайым қызы Әмина апайдың жүріп өткен жолы – ұлағатты да ұлық, орамды да орайлы, нұрлы жол»

Асанәлі Әшімов, Қазақстанның халық әртісі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/mina-mirza-ovany-mereytoyy-yunesko-k-leminde-toylanady-827113](https://yvision.kz/kk/post/mina-mirza-ovany-mereytoyy-yunesko-k-leminde-toylanady-827113)