---
title: "Миллион доллар бопсалаған! БҚО полициясы күдіктіні ұстады"
description: "Батыс Қазақстан облысында етті мал шаруашылығымен айналысатын ЖШС құрылтайшыларынан 1 000 000 АҚШ..."
author: "orazali"
published: "2024-01-12T03:55:24+00:00"
modified: "2024-01-12T03:55:24+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/million-dollar-bopsala-an-b-o-policiyasy-k-diktini-stady-999787"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/million-dollar-bopsala-an-b-o-policiyasy-k-diktini-stady-999787/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Миллион доллар бопсалаған! БҚО полициясы күдіктіні ұстады

> Батыс Қазақстан облысында етті мал шаруашылығымен айналысатын ЖШС құрылтайшыларынан 1 000 000 АҚШ...

Батыс Қазақстан облысында етті мал шаруашылығымен айналысатын ЖШС құрылтайшыларынан 1 000 000 АҚШ долларын бопсалаған тұрғын ұсталды.

![Миллион доллар бопсалаған! БҚО полициясы күдіктіні ұстады](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/db328cd93bfc693eb6bea2d7a45162.jpg)

БҚО полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы өкілдерінің айтуынша, күдікті Toyota Mark II автокөлігінің ішінде ақша алып жатқанда қолға түскен.

Көлікті тінту кезінде сол жақтағы алдыңғы жолаушылар орындығының қалтасынан 4 миллион теңге тәркіленді. Сонымен қатар қаскүнемнің барсеткасынан 50 мың теңге табылды.

Қазір ҚР Қылмыстық кодексі 194-бабының (Қорқытып алу) 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

telegram.org/k/#@POLICE_of_KZ

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/million-dollar-bopsala-an-b-o-policiyasy-k-diktini-stady-999787](https://yvision.kz/kk/post/million-dollar-bopsala-an-b-o-policiyasy-k-diktini-stady-999787)