---
title: "Microsoft туралы мәлімет"
description: "17 мен 19 сәуір аралығында Алматыда КИМЭПте Жаңа Медиа мамандары үшін коммерциялық емес ашық ..."
author: "abenova-balkyz"
published: "2011-03-05T04:33:02+00:00"
modified: "2011-03-05T04:33:02+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/microsoft-turaly-m-limet-127981"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/microsoft-turaly-m-limet-127981/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Microsoft туралы мәлімет

> 17 мен 19 сәуір аралығында Алматыда КИМЭПте Жаңа Медиа мамандары үшін коммерциялық емес ашық ...

17 мен 19 сәуір аралығында Алматыда КИМЭПте Жаңа Медиа мамандары үшін коммерциялық емес ашық оқыту конференциясы өтті - BarCamp Central Asia 2009. Шара қатысушылары журналистер, блоггерлер, жаңа технологиялар саласындағы кәсіпқойлар, құқыққорғаушылар, бағдарлама жасаушылар, дизайнерлер, вебжасаушылар және Интернет, жаңа медиа, азаматтық журналистикаға қатысы бар адамдар. Географиялық аумағы Орталық Азия, ТМД, Шығыс және Батыс Еуропа. Жоба бастамашысы волонтерлер тобы– журналистер мен блоггерлер. Майкрософт Қазақстан Компаниясы аталмыш шараның бас демеушісі болды.

BarCamp Central Asia 2009 жобасы сандық теңсіздік мәселелерін шешуге, Жаңа Медиа туралы ақпаратты таратуға бағытталған. Конференция барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, жаңа білім алып, жаңа медиа саласындағы әлемдік заңнамалық тәжірибені талқылап, аймақтар мен қоғамның дамуына ықпалдасу мәселелерін көтерді. Осылайша, BarCamp Central Asia 2009 қатысушыларға Интернет пен Жаңа Медиа саласындағы жаңа мүмкіндіктерді ашып, Жаңа Медиа саласындағы кәсіпқойлар мен әуесқойлардың басын біріктіріп, бірлесіп әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға, Қазақстан мен Орталық Азия аймағында инновациялық онлайн жобаларды дамытуға ықпалдасты.

Microsoft, ИТ индустрия саласындағы ірі әлемдік жетекші компания бола қоғамдағы теңсіздік проблемасын шешуге ерекше назар аударып, ИТ индустриясы саласында әлеуметтік бағытталған және оқу бағдарламалары жобаларын көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстан мен Орталық Азияда жүзеге асыру арқылы үлесін қосуда. 2002 жылы Қазақстанда Microsoft өкілдігінің ашылған кезінен бастап біздің компания әлеуметтік жауапты бизнес саласы бойынша жобаларды жүзеге асыруда, мысалы «Шексіз мүмкіндіктер» (Unlimited Potential), және білім саласында бастамалар, атап айтқанда «Білімдегі серіктестік» (Partners in Learning). Бүгінде интернет ақпаратқа қол жеткізудің ең оңай тәсілі болып табылады, және көптеген адамдар үшін хабарласу құралы. Сондықтан BarCamp шарасын Қазақстанда өткізу Интернетті барынша көп адамдарға қол жетімді ету және осы елде интернет жүйесін дамыта түсу мүмкіндігі. »

деп атап өтті Гюнтер Дам, Майкрософт Қазақстан Бас директоры

## Microsoft туралы мәлімет 1975 жылы негізі қаланған Microsoft корпорациясы персоналды компьютерлер мен серверлер үшін Интернет-технологияларды жеткізу және жетілдіру қызметі, бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша әлемдік көшбасшы болып табылады. Компания заманауи бағдарламалық қамтамасыз етуді кез келген уақытта, кез келген жерде және кез келген қондырғыда пайдалану арқылы адамдардың немесе компаниялардың мүмкіндігін арттыруға бағытталған бағдарламалық өнімдердің ауқымды түрлерін ұсынады. 2002 жылдың соңынан бері Алматы қаласында Microsoft-тың кеңсесі жұмысқа кірісті. Оның негізгі міндеттері — Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан аумағында бағдарламалық қамтамасыз ету нарығын дамытып, жаңа технологияларды қолданысқа енгізу және бейімдеу. Microsoft компаниясы мен өнімдері жөніндегі қосымша ақпараттарды Microsoft веб-серверінен алуыңызға болады: [www.microsoft.com/kazakhstan](http://www.microsoft.com/kazakhstan/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/microsoft-turaly-m-limet-127981](https://yvision.kz/kk/post/microsoft-turaly-m-limet-127981)