---
title: "Миға қуат беретін 19 тағам"
description: "Миыңыз ағзадағы ең қымбат «жылжымайтын мүлік» екенін білесіз бе? Жинақталған калориялардың 20% - 30%..."
author: "Arsik"
published: "2013-08-11T22:22:43+00:00"
modified: "2013-08-11T22:22:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/mi-a-uat-beretin-19-ta-am-368233"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/mi-a-uat-beretin-19-ta-am-368233/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Миға қуат беретін 19 тағам

> Миыңыз ағзадағы ең қымбат «жылжымайтын мүлік» екенін білесіз бе? Жинақталған калориялардың 20% - 30%...

*Миыңыз ағзадағы ең қымбат «жылжымайтын мүлік» екенін білесіз бе? Жинақталған калориялардың 20% - 30% дейін миды қуаттандыруға жұмсалады екен. Сондықтан, зиянды тағамдар фигураңызға қаншалықты әсер етсе, ми жұмысына да соншалықты әсері береді.*

*

![Миға қуат беретін 19 тағам](https://storage.yvision.kz/images/user/cockroach/WPI6qGb4EjA8774V5kIm70Wsso2xxH.jpg)

*

Диета сүйер қауымға жақсы жаңалық: семіздік ойлау функциясына жағымсыз әсер етеді. Егер сіз сұлулық, мықты денсаулық пен жоғары интеллектті өзіңіз үшін маңызды деп санасаңыз, миыңызды «тамақтандыруда» абай болыңыз. Өйткені, ешбір дене жаттығуы және интеллектуалды жаттығу зиянды тағамдардың әсеріне төтеп бере алмайды.

**Ал, енді, миыңыз сізден қандай тағам күтеді екен?**

![Миға қуат беретін 19 тағам](https://storage.yvision.kz/images/user/cockroach/1imCjc3vcXc29f8yu5AW836U82uUTT.jpg)

**Шикі бадам.** Ми белсенділігінің төмендеуінен сақтануға қажетті Е дәрумені бар.

![Миға қуат беретін 19 тағам](https://storage.yvision.kz/images/user/cockroach/vzf6cn496aer5Qg9Jna2Mdds5t4k7V.jpg)

**Кешью.** Есте сақтау қабілетін дамытады, антиоксиданттарға бай.

![Миға қуат беретін 19 тағам](https://storage.yvision.kz/images/user/cockroach/mFDCFl807OmK0c03Hb06ewPk2FiXeb.jpg)

**Грек жаңғағы.** Ойлау қабілетіне жағымды әсерін тигізетін омега-3 майлы қышқылына бай.

![Миға қуат беретін 19 тағам](https://storage.yvision.kz/images/user/cockroach/UCl2laIric1wjBAlcMbuv926mFFK4Y.jpg)

**Қара шоколад.** Антиоксиданттарға бай болғандықтан, қара шоколад та пайдалы тағамдар қатарында. Қызығы, шоколад неғұрлым қара болса, оның ағзаға тигізер пайдасы да соғұрлым көп. Тағы бір жайт, шоколад құрамында мұқияттылықты арттыра түсетін кофеин де бар.

![Миға қуат беретін 19 тағам](https://storage.yvision.kz/images/user/cockroach/kuu9dt5rjWqmR319VJ1Nm3BrL31Gzl.jpg)

**Алма.** Құрамында антиоксиданттар мен талшықтар бар. Бонус: талшық бізде көп уақытқа дейін тоқтық сезім сақтайды да, артық салмақтан арылуға көмектеседі.

![Миға қуат беретін 19 тағам](https://storage.yvision.kz/images/user/cockroach/K0xBHvtUHC8towMuPog52qSMxF8AKb.jpg)

**Авокадо.** Жоғарыда атап өткен омега-3 майлы қышқылына қанық. Ал бұл, өз кезегінде, ойлау қабілетіне жағымды әсер береді.

![Миға қуат беретін 19 тағам](https://storage.yvision.kz/images/user/cockroach/3AFgmVGNcXy96mg3Zli50rF46h5Qwu.jpg)

**Қаражидек.** Бұл жидек антиоксиданттар мен антоцианға аса бай. Антоциандар қаражидекті қара-көк түске ғана бояп қоймай, сонымен бірге диабетке қарсы белсенді күрескерлердің біріне жатады.

![Миға қуат беретін 19 тағам](https://storage.yvision.kz/images/user/cockroach/HhB03PhU0ahqdoAm4AG83D8Yol0f2M.jpg)

**Даршын**. Дәмдеуіштердің түгелі дерлік антиоксиданттарға бай, ал осы тізімдегі бірінші орынды даршын иеленеді. Антиоксиданттар есте сақтау мен ойлауға көмектеседі.

![Миға қуат беретін 19 тағам](https://storage.yvision.kz/images/user/cockroach/3WieyMOaPaPWTa5c7B1VhgFJBAqK8k.jpg)

**Орегано.** Антиоксиданттарға тек дәмдеуіштер ғана емес, шөптер де өте бай келеді.

![Миға қуат беретін 19 тағам](https://storage.yvision.kz/images/user/cockroach/088o7vZnbE3J4ct0SHvS5e37Va92YG.jpg)

**Қырыққабат**, **шпинат** және басқа да жасыл жапырақтылар. Темір мен фитонутриенттер (өсімдіктердегі табиғи-химиялық заттар) көптеген аурулардың алдын алып, ағзаның қалыпты жұмыс істеуіне септігін тигізеді.

![Миға қуат беретін 19 тағам](https://storage.yvision.kz/images/user/cockroach/WW9OhLgmTU8nXKkYts7yID2i3Fe7Hr.jpg)

**Кофе.** Шоколад сияқты, кофенің құрамында антиоксиданттар мен кофеин бар.

![Миға қуат беретін 19 тағам](https://storage.yvision.kz/images/user/cockroach/S1O9s7DSsma0c4Psu1vRdqjTUyUF1R.jpg)

**Тәтті картоп **(батат). Фитонутриенттер, талшық және А дәруменіне толы.

![Миға қуат беретін 19 тағам](https://storage.yvision.kz/images/user/cockroach/cpXwSWFYUpGd2zDrP7BZy7aN0fzXr6.jpg)

**Кокос майы**. Бұл май тікелей ми жұмысына емес, метаболизм мен салмақты бақылауға көмегін береді. Ал семіздікті болдырмау миға жақсы әсер беретінін жоғарыда айтып кеткен болатынбыз.

![Миға қуат беретін 19 тағам](https://storage.yvision.kz/images/user/cockroach/WO3WsKYED0l8P4Rr21eRf0W88j69nF.jpg)

**Зәйтүн майы.** Антиоксиданттар, қанықпаған майларға бай. Сонымен бірге, жүрек ауруларын алдын алуға да пайдалы.

![Миға қуат беретін 19 тағам](https://storage.yvision.kz/images/user/cockroach/9KQ7s12Aqjo19pKQP2x4k1uZnR25kd.jpg)

**Балапан еті.** Протеинге өте бай, бірақ дене бітіміңізді қалпында сақтайды.

![Миға қуат беретін 19 тағам](http://storage.yvision.kz/images/user/cockroach/561D6l12I31Qc0Q97WjhkpzGpWKx1F.png)

**Жұмыртқа.** Ақуызға өте бай, сонымен қатар салмағыңызды бірқалыпты етіп сақтауға көмектеседі.

![Миға қуат беретін 19 тағам](https://storage.yvision.kz/images/user/cockroach/lEjdgWCZm5H9zIsLQ1oQ6BiFV3mvSN.jpg)

**Албырт.** Миға күшті қуат беретін омега-3 тұнып тұр.

![Миға қуат беретін 19 тағам](https://storage.yvision.kz/images/user/cockroach/z1w68xAX6Q27kkk4ftHxGnEDX4lSPb.jpg)

**Ширатаки кеспесі.** Жабайы ямс тамырынан дайындалады. Талшыққа бай, ал калориялары өте аз.

![Миға қуат беретін 19 тағам](https://storage.yvision.kz/images/user/cockroach/cRX6TNgOg4Pk1AH2c9XMpA7KkgQ4Pf.jpg)

**Көк шай.** Антиоксиданттар мен метаболизм үрдісін тездететін эпигаллокатехин галлатына бай. Құрамында босаңсу және тонусты сақтауға көмектесетін L-тианин да бар. Ал кофеин, кофемен салыстырсақ, әлдеқайда аз.

![Миға қуат беретін 19 тағам](https://storage.yvision.kz/images/user/cockroach/i7i75LN4LT80EbDfi3N7MARuJDL1jy.jpg)

Бұл тізімдегі тағамдардың қайсысы рационыңызда бар? Қайсысын қосуды жоспарлайсыз? Пікіріңізбен бөлісе отырыңыз!

*Материалды дайындаған: Айжан Байтанова*

*_________________________________________________________________________*

Ұқсас материалдар:

[Қыста ішуге пайдалы 9 ыстық сусын](http://yvision.kz/post/319771)

[Денсаулыққа қатысты 9 күмәнді дерек](http://yvision.kz/post/341695)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/mi-a-uat-beretin-19-ta-am-368233](https://yvision.kz/kk/post/mi-a-uat-beretin-19-ta-am-368233)