---
title: "Мейірімсіз ажал"
description: "Көңілге қайғы у салып, Көзден жасты барлатқан, Жүрекке жара дақ салып, Жанды ашытып зарлатқан Уытың ..."
author: "Xit"
published: "2018-02-05T13:46:42+00:00"
modified: "2018-02-05T14:12:58+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/meyirimsiz-azhal-795424"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/meyirimsiz-azhal-795424/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мейірімсіз ажал

> Көңілге қайғы у салып, Көзден жасты барлатқан, Жүрекке жара дақ салып, Жанды ашытып зарлатқан Уытың ...

Көңілге қайғы у салып, Көзден жасты барлатқан, Жүрекке жара дақ салып, Жанды ашытып зарлатқан Уытың күшті, ажал-ай! Дегеніне жеткізбей, Қайғыға ойын толтырған. Ойдағысын еткізбей, Бірді бірден айырған Мейірімсіз, шіркін, ажал-ай! Көңілін жастың мұқатып, Қайғыға ойын толтырған. Тамырына оқ атып, Қызыл гүлді солдырған Түсің суық, ажал-ай! Бақытын жастың ашқызбай, Қапыда алдың, не түсті? Көңілін жастың басқызбай, Арманда алдың, не түсті? Тапқаныңды айтшы, ажал-ай!

Сұлтанмахмұт Торайғыров

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/meyirimsiz-azhal-795424](https://yvision.kz/kk/post/meyirimsiz-azhal-795424)