---
title: "«Мейірімділік мекені» қайырымдылық акциясы өтті"
description: "«Нұр Астана» орталық мешітінде дәстүрлі «Мейірімділік мекені» қайырымдылық акциясы өтті. Аталған шар..."
author: "udr_astana_kz"
published: "2018-04-13T09:15:58+00:00"
modified: "2018-04-13T09:15:58+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/meyirimdilik-mekeni-ayyrymdyly-akciyasy-tti-802006"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/meyirimdilik-mekeni-ayyrymdyly-akciyasy-tti-802006/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Мейірімділік мекені» қайырымдылық акциясы өтті

> «Нұр Астана» орталық мешітінде дәстүрлі «Мейірімділік мекені» қайырымдылық акциясы өтті. Аталған шар...

«Нұр Астана» орталық мешітінде дәстүрлі «Мейірімділік мекені» қайырымдылық акциясы өтті. Аталған шараға қаламыздан әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көп балалы 100 отбасы шақырылып, әрқайсысына азық-түлік салынған қораптар таратылды. Жыл сайын өтетін акцияға орталық мешіттің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, келген әр отбасыға азық-түлік қораптарын үлестірді. Акцияның мақсаты – тұрмысы төмен отбасылар мен көп балалы отбасыларға көңіл бөлу және қамқорлық көрсету. #удр #ципр #мечетьнурастана#нұрастанамешіті

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/meyirimdilik-mekeni-ayyrymdyly-akciyasy-tti-802006](https://yvision.kz/kk/post/meyirimdilik-mekeni-ayyrymdyly-akciyasy-tti-802006)