---
title: "«Мейірімді жүрекпен» әрбір балаға..."
description: "Маусымның 1 жұлдызында Балаларды қорғау күнінің барысында Петропавл қаласының \"Жас Отан\" жастар қана..."
author: "sakenovam"
published: "2015-06-02T04:47:44+00:00"
modified: "2015-06-02T04:47:44+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/meyirimdi-zh-rekpen-rbir-bala-a-506175"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/meyirimdi-zh-rekpen-rbir-bala-a-506175/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Мейірімді жүрекпен» әрбір балаға...

> Маусымның 1 жұлдызында Балаларды қорғау күнінің барысында Петропавл қаласының "Жас Отан" жастар қана...

Маусымның 1 жұлдызында Балаларды қорғау күнінің барысында Петропавл қаласының "Жас Отан" жастар қанатының белсенді мүшелері "Мейірімді жүрекпен" акциясын өткізіп, есту қабілеті нашар балаларға арналған мектеп-интернатына барып қайтты. Бұл іс-шараның мақсаты - балаларды олардың мерекесімен құттықтап, оларға ізгілікті көмек көрсету болған болатын. Айтылған мақсатқа жету үшін жыл бойы "Кеңес Орталығында" тұрмысы төмен отбасылар мен балалар үшін киім-кешектер мен ойыншықтар қабылдау жүргізілді. Нәтижесінде іс-шараға қатысушылар заттарды жинап, оларды мектеп-интернатының оқушыларына табыс етті. Біз балаларды олардың ең басты мерекесімен құттықтап, шын жүректен өзіміздің ізгі ниеттерімізді білдірдік. Балалардың жүзіндегі күлкі олардың шаттығы мен қуанышының басты белгісі болды. Олардың көтеріңкі көңіл-күйі сезіліп, бізге де берілген болатын. Балалар - буыны қатпаған бұтақ тәрізді, сондықтан да оларды қорғап, буындарының қатып, қанаттарының қатаюына барынша жағдай жасау - біздің міндетіміз.

![«Мейірімді жүрекпен» әрбір балаға...](https://storage.yvision.kz/images/user/sakenovam/tGpI7V443Lv38SZC7Uk12b8C535DV7.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/meyirimdi-zh-rekpen-rbir-bala-a-506175](https://yvision.kz/kk/post/meyirimdi-zh-rekpen-rbir-bala-a-506175)