---
title: "Мейірім мен күншілдік"
description: "Бір күні Шайқы Бұрқыдан біреу сұрапты: - Неге кейбір адамдар ақкөңіл, мейірімді болады, ал енді біре..."
author: "Umytzhan"
published: "2013-11-19T09:33:39+00:00"
modified: "2013-11-19T09:35:47+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/meyirim-men-k-nshildik-385688"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/meyirim-men-k-nshildik-385688/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мейірім мен күншілдік

> Бір күні Шайқы Бұрқыдан біреу сұрапты: - Неге кейбір адамдар ақкөңіл, мейірімді болады, ал енді біре...

Бір күні Шайқы Бұрқыдан біреу сұрапты:
- Неге кейбір адамдар ақкөңіл, мейірімді болады, ал енді

біреулер көре алмас, күншіл келеді? – дейді.

![Ara0816](http://maqpal.files.wordpress.com/2013/08/ara0816.jpg?w=300&h=168)

- Өмірде адамдардың екі түрін байқадым. Оның бір тобы шыбындарға ұқсайды.Шыбынның іздегені – нәжіс. Шыбынды гүлзар баққа жіберсең де, ол соның ішінен нәжіс тауып, соған қонады. Сасық иістен ләззат алады. Оның мұрны жұпар иісті сезбейді. Адамдардың екінші тобы бал арасы сияқты. Бал арасы кез-келген жерден гүл іздейді. Мысалы, мал қораның шетіне бір тал гүл қойып, араны жіберсеңіз, ол міндетті түрде гүлді табады. Ақжүрек адамдар бал арасы секілді жақсылыққа құмар болады. Олар кез-келген ортада Алланың хикметін көреді. Мал құмар, көңілі соқыр надандар шыбынға ұқсап өсек-аяңға үйір болып, кісілердің ұсақ-түйек кемшіліктерін жиып-теріп жүреді. Олар жақсы әңгімеден ләззат ала алмайды, – деп жауап берген екен. (“Әлдиден эпосқа дейін” кітабынан алынды)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/meyirim-men-k-nshildik-385688](https://yvision.kz/kk/post/meyirim-men-k-nshildik-385688)