---
title: "Мерей Ақшалов Әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды"
description: "Алматыда өтіп жатқан бокстан Әлем чемпонатында 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететі..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-10-22T00:32:50+00:00"
modified: "2013-10-22T00:32:50+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/merey-a-shalov-lem-chempionatyny-shirek-finalyna-zholdama-aldy-380361"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/merey-a-shalov-lem-chempionatyny-shirek-finalyna-zholdama-aldy-380361/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мерей Ақшалов Әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды

> Алматыда өтіп жатқан бокстан Әлем чемпонатында 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететі...

[!\[Мерей Ақшалов\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/10/201310212039091-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/10/201310212039091.jpg) Алматыда өтіп жатқан бокстан Әлем чемпонатында 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Мерей Ақшалов Доминикан Республикасының боксшысы Карлос Адамспен қолғап түйістірді, деп хабарлайды [Sports.kz](http://sports.kz/news/merey-akshalov-vyishel-v-chetvertfinal-chempionata-mira). Кездесу соңында барлық төрешілер бірауыздан Мерейдің мерейі үстем болды деп тапты. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан намысын қорғайтын үш боксшымыз ширек финалдық жолдаманы жеңіп алған болатын. Олар — Біржан Жақыпов (49 кг), Қайрат Ералиев (56 кг) және Жәнібек Әлімханұлы (75 кг).

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат — Автор: [Ерлік Ержанұлы](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/1179)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/merey-a-shalov-lem-chempionatyny-shirek-finalyna-zholdama-aldy-380361](https://yvision.kz/kk/post/merey-a-shalov-lem-chempionatyny-shirek-finalyna-zholdama-aldy-380361)