---
title: "Мерекелік салат"
description: "Егер көктемнің алғашқы мерекесінде анаңызды, жарыңызды не болмаса қонақтарыңызды жеңіл әрі пайдалы с..."
author: "Arsik"
published: "2012-03-05T22:21:46+00:00"
modified: "2012-05-11T23:36:42+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/merekelik-salat-238128"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/merekelik-salat-238128/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мерекелік салат

> Егер көктемнің алғашқы мерекесінде анаңызды, жарыңызды не болмаса қонақтарыңызды жеңіл әрі пайдалы с...

*Егер көктемнің алғашқы мерекесінде анаңызды, жарыңызды не болмаса қонақтарыңызды жеңіл әрі пайдалы салатпен қуантқыңыз келсе, онда төмендегі рецептті жазып алуға асығыңыз.*

* **Бұл салатты қыз-келіншектер ғана емес, ерлер де дайындай алады. Сондықтан теледидардың алдынан шықпайтын әдетіңізді қоя тұрып, әйелдер мерекесінде аз ғана уақытыңызды асханада сый дайындауға жұмсаңыз.*

* *

![Мерекелік салат](http://storage.yvision.kz/images/user/arsik/TWCQ21Ms8jPG3B47Ng1N3sreEHj9WA.png)

Көктемде адамға дәрумендерді қабылдау өте маңызды екенін білетін боларсыздар, ал бұл салат ағзаны авитаминоздан құтақаруы қажет.

![Мерекелік салат](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/STHPNM2MsRVy3T6W61V3QkUsKvDqN2.jpg)

Балық пен теңіз өнімдерінің пайдасы зор екені айтпаса да түсінікті. Соның ішінде ақсеркенің құрамында өте пайдалы нәрсе - мелатониннің мөлшері көп. Ол ағзаның жасаруына және дұрыс ұйқыны қамтамасыз етеді. Сонымен бірге мидың жұмысын жақсартатын қасиеті де бар екен.

Зәйтүн ақуыз, фосфор, калий, темір және В, Е, С, Р дәрумендеріне өте бай. Ол асқазан-ішек ауруларының алдын алуға көмектесіп, асқазан жарасының пайда болуына бөгет болады.

Ал салат жапырақтары гастрит, бронхит, жүрек-тамыр ауруларының емін жазуға көмектеседі.

**Салатқа қажет ингредиенттерді дайындап қояйық:**

- қызыл балық (ақсерке) - қызыл пияз - салат жапырақтары - зәйтүн - лимон

![Мерекелік салат](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/286780Szzy0qktVv4J7Aa28bEI8Oyt.jpg)

![Мерекелік салат](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/ZlI6xGSpFF1d8dhBIiyaU2l20d5UaY.jpg)

![Мерекелік салат](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/CBgJY53vMUdqjtuGvWEsB76MK5NLkA.jpg)

![Мерекелік салат](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/7tEfn9g034kbPFWyn4hW37g9KjS9Ww.jpg)

![Мерекелік салат](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/GgBfKtt1M18gfZCpJcsxn9Cu4opF2x.jpg)

Салат жапырақтары мен балықты, қызыл пиязды жіңішкелеп тураймыз.

![Мерекелік салат](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/1A26F0MU9cg6kj5zGOyGTAuoOJ6F1a.jpg)

Балықтың өзі майлы болғандықтан, оған майдың орнына лимон шырынын қосып, араластырамыз. Үстіне зәйтүнді әдемілеп қоямыз. Қалауыңыз бойынша салатқа қызанақ қосуыңызға болады.

![Мерекелік салат](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/2zBXMpjS7fr4vEF17fF7CtZ4776lvp.jpg)

![Мерекелік салат](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/3X351F6W30z19Is5G375Nmq24aOzuY.jpg)

Осымен салатымыз дайын. Асыңыз дәмді болсын!

![Мерекелік салат](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/Okx7lJ6L0ftK6n3qLAgZP4qBXHI0Bx.jpg)

*Мерекелік салатты әзірлеген Айнұр Маемирова*

*__________________________________________________________________________*

Банан[балмұздағы](http://yvision.kz/post/228807)

Банан мен шоколад [коктейлі](http://yvision.kz/post/226938)

Шоколад [құймақтары](http://yvision.kz/post/226234)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/merekelik-salat-238128](https://yvision.kz/kk/post/merekelik-salat-238128)