---
title: "Мэнни Пакьяо рингке қайта оралатын мерзімін айтты"
description: "Филиппиндік боксшы Флойд Мейвезермен жекпе-жекте иығының бұрынғы жарақатын асқынтып алды, сондықтан..."
author: "kazsportagent"
published: "2015-07-08T22:34:56+00:00"
modified: "2015-07-08T22:34:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/menni-pakyao-ringke-ayta-oralatyn-merzimin-aytty-519832"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/menni-pakyao-ringke-ayta-oralatyn-merzimin-aytty-519832/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мэнни Пакьяо рингке қайта оралатын мерзімін айтты

> Филиппиндік боксшы Флойд Мейвезермен жекпе-жекте иығының бұрынғы жарақатын асқынтып алды, сондықтан...

# [!\[Мэнни Пакьяо\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/07/20150708202321-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/07/20150708202321.jpg)

Филиппиндік боксшы Флойд Мейвезермен жекпе-жекте иығының бұрынғы жарақатын асқынтып алды, сондықтан оған ота жасалды.

Сегіз салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы Мэнни Пакьяо (57-6-2, 38 KO) ота жасалғаннан кейін оң иығының тез жазылып келе жатқандығын және келесі жылы шаршы алаңға қайта орала алатындығын мәлімдеді.

«Алдағы жылы жекпе-жекке шығуға дайынмын. Жағдайым жақсарды, қолымды көтере аламын», — деген филиппиндіктің сөзін келтіреді BoxingScene.com.

Соңғы жекпе-жегін Пакьяо 2 мамырда Лас-Вегаста кіші Флойд Мейвезерге (48-0, 26 КО) қарсы өткізіп, төрешілердің шешімімен жеңіліп қалды. Айқастан кейін филиппиндіктің командасы Пакьяоның кездесуге жарақаттанған иығымен шыққанын және жекпе-жектен соң жағдайы күрт төмендегендігін мәлім еткен болатын, деп жазды vesti.kz.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/menni-pakyao-ringke-ayta-oralatyn-merzimin-aytty-519832](https://yvision.kz/kk/post/menni-pakyao-ringke-ayta-oralatyn-merzimin-aytty-519832)