---
title: "Мэнни Пакьяо: Флойд Мэйуэзер мені жекпе-жекке шақырып, өзіне «ор қазды»"
description: "Жұма күні жартылай орташа салмақта WBC және WBA нұсқалары бойынша әлем чемпионы Мэйуэзер WBO тұжыр..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-12-15T01:00:44+00:00"
modified: "2014-12-15T02:36:53+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/menni-pakyao-floyd-meyuezer-meni-zhekpe-zhekke-sha-yryp-zine-or-azdy-449264"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/menni-pakyao-floyd-meyuezer-meni-zhekpe-zhekke-sha-yryp-zine-or-azdy-449264/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мэнни Пакьяо: Флойд Мэйуэзер мені жекпе-жекке шақырып, өзіне «ор қазды»

> Жұма күні жартылай орташа салмақта WBC және WBA нұсқалары бойынша әлем чемпионы Мэйуэзер WBO тұжыр...

[!\[Мэнни Пакьяо: Флойд Мэйуэзер мені жекпе-жекке шақырып, өзіне «ор қазды»\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/12/20141214153022-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/12/20141214153022.jpg)

Жұма күні жартылай орташа салмақта WBC және WBA нұсқалары бойынша әлем чемпионы Мэйуэзер WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Пакьяомен 2 мамырда кездесуге ниетті екенін айтты, деп жазады шетелдік БАҚ.

«Мэйуэзер мені жекпе-жекке шақырып, өзіне «ор қазды». Менімен кездесуден басқа амалы қалмады. Мен жекпе-жекті қызықты өткізуге тырысамын. Бірақ ол кездесуді қызықты өткізуге атсалысады деп ойламаймын. Оның қалай жұдырықтасатынын білесіздер, іш пыстырарлық көрініс. Осыған дейінгі кездесулерінде ұйықтап қала жаздағанбыз», — деді Пакьяо. Мэйуэзер кәсіби рингте барлық 47 кездесуінде жеңіске жетті. Пакьяо 64 жекпе-жекте 57 рет жеңді, бес рет жеңілді және екі рет қарсыласымен тең түсті.

АСТАНА. ҚазАқпарат

Басты сөздер: [Әлем](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/381) , [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/menni-pakyao-floyd-meyuezer-meni-zhekpe-zhekke-sha-yryp-zine-or-azdy-449264](https://yvision.kz/kk/post/menni-pakyao-floyd-meyuezer-meni-zhekpe-zhekke-sha-yryp-zine-or-azdy-449264)