---
title: "«Менің жетістігім- Елімнің жетістігі» облыстық байқауының іріктеуі кезеңі өтті."
description: "Жыл сайын Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын да..."
author: "CRMI"
published: "2016-11-11T04:26:11+00:00"
modified: "2016-11-11T04:26:11+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/meni-zhetistigim-elimni-zhetistigi-oblysty-bay-auyny-irikteui-keze-i-tti-725693"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/meni-zhetistigim-elimni-zhetistigi-oblysty-bay-auyny-irikteui-keze-i-tti-725693/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Менің жетістігім- Елімнің жетістігі» облыстық байқауының іріктеуі кезеңі өтті.

> Жыл сайын Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын да...

Жыл сайын Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сі облыстық «Менің жетістігім- Елімнің жетістігі» байқауын ұйымдастырады. Биыл да бұл байқау жалғасын тауып, үздіктерді марапаттайды. Іріктеуге 33 ке жуық қатысушылар қатысты. Байқау үш кезеңнен тұрады: І кезең- қатысушылар түйіндемелерін, жетістіктерін, белгілі тақырыптарға эссе жазып , ұйымдастыру алқасына апсыруға тиіс. ІІ кезең-шығармашылық презентациясы. ІІІ кезең- марапаттау.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/T8awTTioYCTZK52QVYh2fFni19ACv0.jpg)

Арнайы шақырылтылған әділқазыларға байқауға қатысушылар өздерінің жұмыстарын таныстырды. Әділқазылар алқасында «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ директоры- А.А Садықова, М.М. Катаев атындағы Оқушалар сарайының маманы -А.Ж. Оразбаева,«Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ директорының орынбасары -С.Ж. Тұрарова, Облыстық мәслихат депутаты -Э.С. Паули, «Спорт басқармасы» ММ жетекшісі-А.Ш. Рысмағанбетова, Павлодар облысының Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығының маманы- Т.Н. Жакашева. Қазыларға үздіктерді анықтау оңайға түспеді. Қатысушылар бар өнерлерін салып, бір-бірлерінен ерекшеленіп отырды. Дегенмен, 33 қатысушыдан тек 25 үздік деген қатысушы ғана мараппатталатын болады.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/t8KuN90eD1TQR6qtaz2k6Zp2fhfZng.jpg)

-Аталмыш іс-шара жыл сайын өткізіледі. Жылда қатысушылар саны 30 дан асады. І кезең талаптарына сәйкес қатысушылар өздерінің түйіндемелерін қалдырады, ал әділқазылар саралайды. Қатысушылардың түйіндемелерінде жетістіктері бірінен-бірі асады. 25 үздіктерді 10 желтоқсанда марапаттау жоспарланып отыр- дейді ұйымдастыру алқасының төрағасы Орақпаева Зарина Өмірзаққызы.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/meni-zhetistigim-elimni-zhetistigi-oblysty-bay-auyny-irikteui-keze-i-tti-725693](https://yvision.kz/kk/post/meni-zhetistigim-elimni-zhetistigi-oblysty-bay-auyny-irikteui-keze-i-tti-725693)