---
title: "Мені өзгерткен 6 ереже"
description: "Негативті ойдан аулақ болу. Кез-келген жерде үнемі жақсы ойлап, әр нәрсенің жақсы жағын көре біл. Та..."
author: "asemgulkumar"
published: "2017-10-17T10:03:21+00:00"
modified: "2017-10-17T10:13:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/meni-zgertken-6-erezhe-782006"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/meni-zgertken-6-erezhe-782006/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мені өзгерткен 6 ереже

> Негативті ойдан аулақ болу. Кез-келген жерде үнемі жақсы ойлап, әр нәрсенің жақсы жағын көре біл. Та...

- Негативті ойдан аулақ болу. Кез-келген жерде үнемі жақсы ойлап, әр нәрсенің жақсы жағын көре біл. Таңертең жақсы ойда оянсаң, ол күні бойы көңіл-күйіңе әсер етеді. Егер ол әдетке айналса, өміріңді өзгертеді.

- Ешқашан біреуді үйретуге талпынба. Өзің үйрен. Біреуден көп білем деген ең қате пікір. Ол тек өз-өзін алдау мен өзімшілдік. Айналаңдағылар сенің іс-әрекетіңе қарап өздері қызығып, кеңес сұрайтындай дәрежеге жетуге талпын . Өзгелерді үйрететін мұғалім емес, өзгелерге үлгі бол.

- Бейтаныс адамдармен көбірек аралас. Олар міндетті түрде бірнәрсеге үйретеді. Ұшақтағы көршіңмен таныс, бейтаныс адамнан білмеген мекен-жайды сұра, т.б. Жиі әрі көбірек әңгімелесуге тырыс.

- Ешқашан қолымнан келмейді деп айтпа. Өз жолыңа кедергі қойма. Жай ал да, істе. Тым болмағанда тырысып көр.

- Біреудің пікіріне тәуелді болма. Ел не ойлайды деп емес, жаның нені қалайды,солай әрекет жаса. Анығында біреу үшін емес, өзің үшін өмір сүр.

- Бойыңдағы қорқыныш пен үрейден арыл. Ешқашан. Ештеңеден. Қорықпа. Қорқыныш, стресс денсаулыққа да, көңіл-күй мен өміріңе де кері әсер етеді

 

**Құмар Әсемгүл**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/meni-zgertken-6-erezhe-782006](https://yvision.kz/kk/post/meni-zgertken-6-erezhe-782006)