---
title: "Менің күнделігімнің бір парасы:"
description: "Ештеңе қыза қойған жоқ. Елдостан кейін, бәрі солай «дырылдап» кете береді деп ойлағанбыз. Бірақ, кед..."
author: "aykenbazarbai"
published: "2016-08-25T22:32:35+00:00"
modified: "2016-08-25T22:32:35+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/meni-k-ndeligimni-bir-parasy-708910"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/meni-k-ndeligimni-bir-parasy-708910/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Менің күнделігімнің бір парасы:

> Ештеңе қыза қойған жоқ. Елдостан кейін, бәрі солай «дырылдап» кете береді деп ойлағанбыз. Бірақ, кед...

Ештеңе қыза қойған жоқ. Елдостан кейін, бәрі солай «дырылдап» кете береді деп ойлағанбыз. Бірақ, кедергілер, тосқауылдар болды...

Сонымен, 8 тамыздамыз.

**АУЫР АТЛЕТИКА:** **62** кг дейінгі салмақтағы жарыста Фархат Харки қола медаль жеңіп алды.

**БОКС:** Біздің үш боксшымыз - Біржан Жақыпов, Әлімханұлы Жәнібек пен Василий Левита қарсыластарын жеңді.

**САДАҚ АТУ:** Сұлтан Дүзельбаев **1/32** финалда Қытайлық қарсыласын жеңді, бірақ 1/16 финалда итальяндық қарсыласынан жеңіліп, ойынын аяқтады.

**ДЗЮДО:** 73 кг салмақ дәрежесінде Дидар Хамза, Гамбиялық қарсыласын жеңіп, содан кейін Әзірбайжан дзюдошысынан (күміс медальді жеңіп алды) жеңіліп қалды.

**ОҚ АТУ:** Юрий Юриков «10 метр әуе винтовкасы» жаттығуында квалификациядан өте алмады.

**АКАДЕМИЯЛЫҚ ЕСУ:** Светлана Германович және Владислав Яковлев 1/4 финалға өте алмады.

**ЕСКЕКТЕ ЕСУ:** Екатерина Смирнова (бір адамдық) квалификациядан өте алмады және жартылай финалға жолдама алған жоқ.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/meni-k-ndeligimni-bir-parasy-708910](https://yvision.kz/kk/post/meni-k-ndeligimni-bir-parasy-708910)