---
title: "Мені біреу сүйсе деймін жай ғана..."
description: "Қайтейін тебірентіп жатса жаным, Жүрегімде лаулап жанған от жалын. Мені біреу сүйсе деймін жай ғана,..."
author: "Aika-1992"
published: "2011-05-07T02:04:04+00:00"
modified: "2011-05-08T06:28:01+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/meni-bireu-s-yse-deymin-zhay-ana-153194"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/meni-bireu-s-yse-deymin-zhay-ana-153194/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мені біреу сүйсе деймін жай ғана...

> Қайтейін тебірентіп жатса жаным, Жүрегімде лаулап жанған от жалын. Мені біреу сүйсе деймін жай ғана,...

Қайтейін тебірентіп жатса жаным,

Жүрегімде лаулап жанған от жалын.

Мені біреу сүйсе деймін жай ғана,

Керегі жоқ, одан басқа жаныма.

 

Сүйсе деймін еш-нәрсеге қарамай,

Сүйсе деймін еш-нәрсені санамай,

Сүйсе деймін еш-нәрсені аңғармай,

Сүйсе деймін мені біреу жайдан жай.

 

Мені біреу сүйсе деймін жай ғана,

Теңемесе алтын, күміс, гауһарға.

Мені біреу сүйсе деймін жай ғана,

Арманы бар, сол бір қыздың сол ғана.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/meni-bireu-s-yse-deymin-zhay-ana-153194](https://yvision.kz/kk/post/meni-bireu-s-yse-deymin-zhay-ana-153194)