---
title: "«Менің Қазақстаным!»"
description: "Менің Қазақстаным неткен байтақ, еркін, бай. Қазақстан көптеген елдерге бәсекеге қабілеті бар мемлек..."
author: "CRMI"
published: "2015-06-09T22:06:37+00:00"
modified: "2015-06-09T22:06:37+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/meni-aza-stanym-507912"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/meni-aza-stanym-507912/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Менің Қазақстаным!»

> Менің Қазақстаным неткен байтақ, еркін, бай. Қазақстан көптеген елдерге бәсекеге қабілеті бар мемлек...

![«Менің Қазақстаным!»](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/11crZA2u991506nhr8vf96BkuK5YIb.jpg)

Менің Қазақстаным неткен байтақ, еркін, бай. Қазақстан көптеген елдерге бәсекеге қабілеті бар мемлекет.Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жан-жақты болашақ ұрпаққа ойластырған мүмкіндіктер, кемел ойлы, кемеңгер ата-бабаларымыздың салтын ұстанып, ақыл-парасатының, саясатының нәтижесі деп білеміз. Сондықтан да, мен өз елімді мақтан тұтамын! Өйткені біздер, асқақ арман жетегінде, Отаншылдық рухты ту еткен ұлт пен ұлыстардың ұл-қыздары, қасиетті қазақ топырағында өсіп-өніп, мекен етіп, береке-бірлікте, достық қарым-қатынаста, тыныштық пен татулықта өмір сүріп жатырмыз. Мемлекетіміздің дербестігін білдіретін Туымыз, халықты бірлікке шақыратын Әнұранымыз, Елтаңбамыз бар. Айтқым келіп отырғаным, қолымызда бар нәрсемізден қол үзбейік және азаматтық намысың болса, қазақтың ұттық жалғыз Мемлекетіміздің нығайып-қөркеюі жолында теріңді төгіп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа! 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні. Мемлекеттік рәміз елдігінің белгісі, тәуелсіздіктің нышаны. Туды, Әнұранды, Елтаңбаны қастерлеу қім-кімнің де борышы екені айтпасақ та түсінікті. Осыған орай 4 маусымда Павлодар қаласының орталық жағалауда «Менің Қазақстаным» тақырыбында облыстық форум өтті. Орталық жағалаудың төменгі яруста көк туымызбен, рәмізбен әсем безендірілді. Шамамен 5000 адам қатысты. Ұйымдастырушы Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы КММ «Жастар бастамаларын дамыту орталығы». Мерекелі іс-шараның тұсауын ашқан әскери мектеп оқушылары болды. Павлодар облысың әкімі Қанат Бозымбаев мерекемен барша қауымды құттықтап, сөз сөйледі. Негізгі орталық алаңда флешмоб өтті. Флешмобқа колледж студенттері және әскери мектеп оқушылары, ҚР ішкі істер министрлігі көк туды және рәмізді қолдарына алды. Іс-шараны эстрада жұлдыздарымен концерттік бағдарлама және КВН Павлодар жастар құрамасы аяқтады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/meni-aza-stanym-507912](https://yvision.kz/kk/post/meni-aza-stanym-507912)