---
title: "«Мен жемқорлыққа қарсымын» тақырыбындағы балалардың шығармашылық конкурсы"
description: "Балалар – ертеңіміздің келешегі ғана емес, қоғамда орын алып жатқан кемшіліктерге өз көзқарастарын б..."
author: "anticorruption_tz"
published: "2015-06-16T03:48:09+00:00"
modified: "2015-06-16T03:48:09+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/men-zhem-orly-a-arsymyn-ta-yrybynda-y-balalardy-shy-armashyly-konkursy-513731"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/men-zhem-orly-a-arsymyn-ta-yrybynda-y-balalardy-shy-armashyly-konkursy-513731/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Мен жемқорлыққа қарсымын» тақырыбындағы балалардың шығармашылық конкурсы

> Балалар – ертеңіміздің келешегі ғана емес, қоғамда орын алып жатқан кемшіліктерге өз көзқарастарын б...

Балалар – ертеңіміздің келешегі ғана емес, қоғамда орын алып жатқан кемшіліктерге өз көзқарастарын білдіретін қоғамдағы күнделікті өмірдің тең құқылы қатысушылары болып табылады. Сондықтан бүгінгі таңда орын алып отырған жемқорлық мәселесі тек үлкендерді емес балаларды да толғандырады. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл оьблысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен өткен «Мен жемқорлыққа қарсымын» тақырыбындағы балалардың шығармашылық конкурсы осының дәлелі. Конкурсқа облыс мектептерінің 120 оқушысы қатысты. Балалар шығармашылығы конкурсы 4 номинациядан тұрды: үздік сурет, үздік фото, үздік эссе және үздік өлең. «Мен жемқорлыққа қарсымын» көрмесі үлкендердің де балалардың да назарын аударды. Оның алғашқы көрермендері Сарымолдаев атындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері болды. Балалар тек орындалған жұмыстың техникасын талқылаған жоқ, жемқорлық түсінігін өздерінше түсінуге тырысты. Содан 29 мамыр күні көрме залында өткен конкурсқа қатысушалырды марапаттау салтанатына басшыларымен бірге қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамотамен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ең үздік жұмыс қала орталығында орналасқан Led – экрандардан көрсетілетін болады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/men-zhem-orly-a-arsymyn-ta-yrybynda-y-balalardy-shy-armashyly-konkursy-513731](https://yvision.kz/kk/post/men-zhem-orly-a-arsymyn-ta-yrybynda-y-balalardy-shy-armashyly-konkursy-513731)