---
title: "«Мен қылмыс жасадым ба, білмеймін» - Бишімбаевпен..."
description: "Бүгін бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевпен бірге сотталып жатқан Бақытжан Байжанов та судьяның сұрақтарына жауап берді. «Құрметті сот, бейнежазбаны өшіріп тастауды, Салтанаттың телефонын үйіне апаруды сұрағаным рас. Қылмыс..."
author: "orazali"
published: "2024-03-27T13:43:07+00:00"
modified: "2024-03-27T13:43:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/men-ylmys-zhasadym-ba-bilmeymin-bishimbaevpen-birge-ayyptalushy-1002722"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/men-ylmys-zhasadym-ba-bilmeymin-bishimbaevpen-birge-ayyptalushy-1002722/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Мен қылмыс жасадым ба, білмеймін» - Бишімбаевпен...

> Бүгін бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевпен бірге сотталып жатқан Бақытжан Байжанов та судьяның сұрақтарына жауап берді. «Құрметті сот, бейнежазбаны өшіріп тастауды, Салтанаттың телефонын үйіне апаруды сұрағаным рас. Қылмыс...

Бүгін бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевпен бірге сотталып жатқан Бақытжан Байжанов та судьяның сұрақтарына жауап берді.

![«Мен қылмыс жасадым ба, білмеймін» - Бишімбаевпен...](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/809c61c29b4b958c63aa77a5d56e6c.jpg)

«Құрметті сот, бейнежазбаны өшіріп тастауды, Салтанаттың телефонын үйіне апаруды сұрағаным рас. Қылмыс жасадым ба, білмеймін. Ол кезде мен Салтанаттың өлгелі жатқанын немесе өлгенін білген жоқпын. Қылмыс жасадым ба, білмеймін», – деді ол.

Бишімбаевқа туыс болып келетін Бақытжан Байжанов Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айыпталуда. Олар – аса ауыр қылмысты жасыру және ол туралы хабарламау.

Айта кетейік, Байжанов – қанды оқиға болған «Гастроорталықтың» директоры.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/men-ylmys-zhasadym-ba-bilmeymin-bishimbaevpen-birge-ayyptalushy-1002722](https://yvision.kz/kk/post/men-ylmys-zhasadym-ba-bilmeymin-bishimbaevpen-birge-ayyptalushy-1002722)