---
title: "Мен таза қол үшін! Мен таза ар үшін!"
description: "А.ж. 20 мамырда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің СҚО..."
author: "finpolsko"
published: "2015-05-21T06:50:19+00:00"
modified: "2015-05-21T06:50:19+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/men-taza-ol-shin-men-taza-ar-shin-502542"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/men-taza-ol-shin-men-taza-ar-shin-502542/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мен таза қол үшін! Мен таза ар үшін!

> А.ж. 20 мамырда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің СҚО...

![Мен таза қол үшін! Мен таза ар үшін!](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/Oz6xqT2nq4K4tq275GbVeNgRqLyt8D.jpg)

А.ж. 20 мамырда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің СҚО бойынша Департаменті Петропавл қаласының Ішкі саясат бөлімімен бірлесіп жастар ұйымдары белсенділерінің қатысуымен «Мен таза қол үшін! Мен таза ар үшін!» ұранымен акция өткізді. Аталған шара арнайы және екі қалалық ХҚКО-да өтті.

![Мен таза қол үшін! Мен таза ар үшін!](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/ObFwDHduoQO4Vza37AY1sMLh9fp4D8.jpg)

Акция шеңберінде «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз», «Сенің жоқ дегенінің мәні бар», «Оставь руки чистыми и скажи коррупции нет», «Я за чистые руки», «Мы за мир без коррупции» жазуы бар ылғалды майлықтарды тарату ұйымдастырылды.

![Мен таза қол үшін! Мен таза ар үшін!](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/g5Q7bcDYAkoT5jTAgPNU281Y1828zc.jpg)

Сонымен қатар, бір уақытта 200-ден аса «Мемлекеттік қызметтер алу кезіндегі менің құқығым», «Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады» ақпараттық парақшалар таратылды. Еріктілер халықты 1494 call- center, «СҚО кәсіпкерлігін қорғау», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум-алаңы» сайттарының жұмысы, мемлекеттік қызметтер туралы толық және шынайы ақпарат алу үшін [www.egov.kz](http://www.egov.kz/), [www.elicense.kz](http://www.elicense.kz/) порталдары туралы таныстырды.

![Мен таза қол үшін! Мен таза ар үшін!](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/c7LEG89hJcJ4hzHhy91lgl2NbVgK2c.jpg)

Осы шара қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен жемқорлық көріністеріне иммунитетті қалыптастыруға, құқықтық нигилизмді жоюға бағытталған. Бұл жұмыста жастар тарапына үлкен рөл бөлінуде, өйткені ел болашағы солардың қолында.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/men-taza-ol-shin-men-taza-ar-shin-502542](https://yvision.kz/kk/post/men-taza-ol-shin-men-taza-ar-shin-502542)