---
title: "«Мен, Отанды қорғауға дайынмын!»"
description: "Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне 22 жыл, Ұлы Отан соғысы Жеңісіне 69 жылдығына орайластырып, ..."
author: "ump-zhambyl"
published: "2014-05-06T06:21:21+00:00"
modified: "2014-05-06T06:21:21+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/men-otandy-or-au-a-dayynmyn-412448"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/men-otandy-or-au-a-dayynmyn-412448/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Мен, Отанды қорғауға дайынмын!»

> Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне 22 жыл, Ұлы Отан соғысы Жеңісіне 69 жылдығына орайластырып, ...

Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне 22 жыл, Ұлы Отан соғысы Жеңісіне 69 жылдығына орайластырып, Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы мен облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті қалалық мәдениет үйінде жастар арасында «Мен, Отанды қорғауға дайынмын!» атты облыстық әскери-патриоттық акциясын ұйымдастырды.

![«Мен, Отанды қорғауға дайынмын!»](http://storage.yvision.kz/images/user/ump-zhambyl/drYjxt23hiLyQXLoZYnIaP79ua2WzP.jpg)

Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру және әскер қызметінің беделін көтеру, жастардың бойына қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында өткізілген шараға әскери қызметкерлер мен ардагерлер, Жамбыл облысында іссапармен жүрген ҚР Мәжілісінің депутаттары, Тараз қаласының орта арнаулы оқу орындарының алғашқы әскери дайындық пәні оқытушылары, студенттер, әскери кафедра курсанттары, әскер қатарына шақырылушылар мен ата-аналары қатысты.

![«Мен, Отанды қорғауға дайынмын!»](http://storage.yvision.kz/images/user/ump-zhambyl/Tp1OlL72i3gop9l2uUp0p9y28aIEjc.jpg)

Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қатарына әскерге шақырылғандарды салтанатты түрде шығарып салуға арналған акцияда облыс әкімнің орынбасары Ғ.Есқалиев, ҚР Мәжілісінің депутаттары Б.Ертаев, С.Нестерова, Ұлы Отан соғысының ардагері Г.Галимов сөз сөйлеп, қайсар мінезді ата-бабамыздың жауынгерлік дәстүрін жастарға үлгі ете отырып, болашақ сарбаздардың Қазақстан Республикасы Конституциясын қалтқысыз сақтаудағы, тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетудегі мәртебелі қызметтеріне тілектестік білдірді, жаастарды Отан алдындағы борышын абыроймен атқаруға шақырды. Жас сарбаз Ш.Рахымжан өз елінің патриоты болу, әскерге барып, еліне қызмет ету әрбір жас қазақстандықтың міндеті екендігін мақтанышпен айтып, аға буынның сенімінен шығып, ел тыныштығының кепілі болатындықтарын жеткізді.

![«Мен, Отанды қорғауға дайынмын!»](http://storage.yvision.kz/images/user/ump-zhambyl/bIiHQN2ahtn3Q0hus1d7mCsWNBb9Ic.jpg)

Шарада жастардың рухын оятатын әскери-патриоттық әндер шырқалды.

![«Мен, Отанды қорғауға дайынмын!»](http://storage.yvision.kz/images/user/ump-zhambyl/m1pzBDicp609eKK0pu7FmP41Q9BEWA.jpg)

Осылайша жастарға үлкен серпін беріп, жауынгерлік рухты оятатын айтулы жиында әскер айбынын асқақтатын сардарларға ерекше құрмет көрсетіліп, 50 сарбаз салтанатты түрде әскерге шығарып салынды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/men-otandy-or-au-a-dayynmyn-412448](https://yvision.kz/kk/post/men-otandy-or-au-a-dayynmyn-412448)