---
title: "...мен ол күнді ешқашан ұмытпаймын!"
description: "Білесің бе, ботақан, Көктер мен жерлердің пайда болуынан елу мың жыл бұрын Рақымды Иеміз біздің тағ..."
author: "eternal_sunshine"
published: "2013-11-09T04:04:52+00:00"
modified: "2013-11-13T04:16:49+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/men-ol-k-ndi-esh-ashan-mytpaymyn-384157"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/men-ol-k-ndi-esh-ashan-mytpaymyn-384157/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ...мен ол күнді ешқашан ұмытпаймын!

> Білесің бе, ботақан, Көктер мен жерлердің пайда болуынан елу мың жыл бұрын Рақымды Иеміз біздің тағ...

![YkT1yqVON484TxZefmkIuQRW0XWmG3.jpg](https://storage.yvision.kz/images/user/eternal_sunshine/YkT1yqVON484TxZefmkIuQRW0XWmG3.jpg)

*Білесің бе, ботақан, Көктер мен жерлердің пайда болуынан елу мың жыл бұрын Рақымды Иеміз біздің тағдырымызға сенің ата-анаң болуды жазыпты. Аллаһтың сыйына біз шексіз шүкіршілік етеміз, тағдырымызға өте ризамыз.*

*Мейірімі таусылмас Раббымыз ішімде жалғыз емес, қос жүректі бірдей соқтырып, мені Аспанда да, жерде де ерекше дәрежеге ие әйелдер қатарына қосты.*

*Қырық апта бойы құрсағымды пана етіп жатқаныңда, біздің басымыздан азды-көпті қиындықтар өтіп жатты. Сездің бе оларды, сезбедің бе...*

*Сенің батыр бала боларыңды не ерке қыз екеніңді нақты білмесек те, саған ең әдемі, ерекше есім таңдадық, саған әр түрлі сыйлықтар алып жүрдік... Біз сенімен кездесуді тағатсыздана күттік, балапан.*

*Сен де өзіңше жарық дүние есігін ашуға дайындалып жүрдің. Бірақ шығуға асықпадың. Қорықтың ба?*

*Иә, ол күні біз де, сен де қиналдың. Таңғы сағат бестерде асыға күткен сәттің жақындағаны білінді.*

*...Ал 2013 жылдың 15-қыркүйегінде Астана уақытымен 23:45-те біз, балам, сенімен алғаш рет жүздестік...*

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/men-ol-k-ndi-esh-ashan-mytpaymyn-384157](https://yvision.kz/kk/post/men-ol-k-ndi-esh-ashan-mytpaymyn-384157)