---
title: "«Мен оқыған бір кітап»"
description: "Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-интернаттың балаларының қатысуымен «Біз кітапханаға келдік» экскурсия ..."
author: "altynsaryn_obzhk_qst"
published: "2022-04-11T11:46:11+00:00"
modified: "2022-04-11T12:36:58+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/men-o-y-an-bir-kitap-964510"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/men-o-y-an-bir-kitap-964510/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Мен оқыған бір кітап»

> Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-интернаттың балаларының қатысуымен «Біз кітапханаға келдік» экскурсия ...

Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-интернаттың балаларының қатысуымен «Біз кітапханаға келдік» экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында балалар кітапхананы пайдалану ережелерімен, балаларға арналған газет-журналдар және қызықты әрі заманауи басылымдармен, кітап-ойыншықтармен, түрлі-түсті энциклопедиялармен танысты. «Отбасы бақыт - аясы» бұрышында балалар кітаптарды тамашалап, зор қызығушылықпен журналдарды қарап, бір-бірімен алған әсерлерімен бөлісті. Кездесу «Мен оқыған бір кітап» атты іс-шарамен аяқталды. Іс- шара барысында оқушылар кітаптың бізге қандай пайдасын тигізетіні туралы көп ақпарат алды.

![«Мен оқыған бір кітап»](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/2d3a6ab20dd38d11d6d00ea6210a69.jpg)

Экскурсия соңында балалар кітапханаға жиі келетіндерін айтып, кітапхана ұжымына жақсы тілектерін білдірді.

![«Мен оқыған бір кітап»](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/0f23f7185a4a6167bbc29af1bc377d.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/men-o-y-an-bir-kitap-964510](https://yvision.kz/kk/post/men-o-y-an-bir-kitap-964510)