---
title: "Мен де сайлауға барып келдім..."
description: "Мен алғаш рет президент сайлауына қатыстым. Біздің сайлау ҚазҰУ қалашығының №186-учаскесінде болды. ..."
author: "mereika_91"
published: "2011-04-03T14:17:30+00:00"
modified: "2011-04-03T14:17:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/men-de-saylau-a-baryp-keldim-139646"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/men-de-saylau-a-baryp-keldim-139646/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мен де сайлауға барып келдім...

> Мен алғаш рет президент сайлауына қатыстым. Біздің сайлау ҚазҰУ қалашығының №186-учаскесінде болды. ...

Мен алғаш рет президент сайлауына қатыстым. Біздің сайлау ҚазҰУ қалашығының №186-учаскесінде болды. Студенттер көп жиналған. Бәрі де кезекте тұр. Аздап кикілжіңдер болып жатты, дегенмен көп ұзамай бәрі де өз орнына келді. Әр факультет өз кезегімен кіріп жатыр. Біз кезекте тұрғанда, алғаш қатысқанымыз үшін сыйлықтар тарқатты. Алғаш сайлауға қатысатындардың бірінде қуаныш болса, бірінде қорқыныш, үрей пайда болды. Менің де өз кезегім келгенде елбасыға лайықты үміткер яғни Н.Ә.Назарбаевқа дауысымды бердім. Ол ел үмітін ақтап, сенімінен шығады деп ойлаймын.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/men-de-saylau-a-baryp-keldim-139646](https://yvision.kz/kk/post/men-de-saylau-a-baryp-keldim-139646)