---
title: "Мен қазақпын, Қытайдан оралып келген ағайындарыма..."
description: "Мен қазақпын деп айтсам өтірік айтпаймын. Монғолдардың, кейін жоңғарлардың шапқыншылығына төтеп берг..."
author: "narcissa"
published: "2014-06-12T21:41:28+00:00"
modified: "2014-06-12T21:41:28+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/men-aza-pyn-ytaydan-oralyp-kelgen-a-ayyndaryma-417799"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/men-aza-pyn-ytaydan-oralyp-kelgen-a-ayyndaryma-417799/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мен қазақпын, Қытайдан оралып келген ағайындарыма...

> Мен қазақпын деп айтсам өтірік айтпаймын. Монғолдардың, кейін жоңғарлардың шапқыншылығына төтеп берг...

Мен қазақпын деп айтсам өтірік айтпаймын. Монғолдардың, кейін жоңғарлардың шапқыншылығына төтеп берген, ХХ гасырдын басында орын алған ашаршылық пен репрессияны басынан кешкен нағыз патриоттардың ұрпағы мына менмін. Мына менің атам ІІ Ұлы отан соғысында барлаушы болған, мына менің әжем соғыстан кейін мемлекетті көтеруге үлесін қосып таңнан кешке дейін қант қызылшасын түптеп өмірін өткізген, мына менің әпкем 1986 жылдың желтоксанында аланға шыққан, мына менің әкем мен анам совет өкіметінің ыдырауын басынан кешіріп барынан айырылып, бір ақ түнде кедей болды. Мына мен және менің жанұям мемлекетіміз егемендік алғаннан кейінгі ауыр жылдарды майшам жағып бастан өткізгенбіз. Нағыз қазақ мына менмін. Қытайдан оралып келген отандастарыма айтар сөзім бұл. Сіздер оралдық деп мемлекеттен жер телімін сұрайсыздар, балаларыңызға жоғары оқу орындарында мемлекеттік грант және тағы басқа женілдіктер сұрайсыздар. Осының барлығын талап етуге қандай құқығыңыз бар сіздің? Сіздер менің ата бабам басынан кешкен қиыншылықтарға шыдай алмай жат елге, жеңіл өмір іздеп қашып кетпедіңіздер ма? Қазақстан егемен мемлекет болып енді енді аяқтарына тұрғанда, келіп алып «біз қазақпыз» деп көкіректеріңізді ұрасыздар. Сіз «қазақтар» бұдан жиырма жыл бұрын, отыз жыл бұрын қайда болдыңыздар? Дәп қазыр неге оралып жатырсыздар?

Біздің қазақ қонақшыл халық болғандықтан ғана сіздер өзіңіздің отаныңызға оралып өмір сүруге мүмкіндігіңіз бар. Отанымызға ораламыз деп кеткен орыстар, немістер қазір қан жылап отыр. Ал сіздер болса келіп алып, мемлекет берген материалдық көмек ақыны аз көресіздер. Қанағат деген қайда? Мен сіздерді қуып жатқан жоқпын. Дұрыс түсініңіздер. Тек сұрап отырмай, аз да болса үлесіңізді қосуға шақырамын.

95-99 дылдары жоқтыққа шыдамай көптеген мұғалімдер, дәрігерлер қала базарларына шығып сатушы болды. Солардың ішінде менің ата анам да болды. Жаздың ыстығында, қыстың суығында таңнан кешке дейін бір тиын болса да табуға тырысты. Біз болса, әпкем екеуіміз түскі астары мен шайларын апарып көмектесетінбіз. Сол қиын заман көп адамның есінде. Сол кезде алақан жайып мемлекеттен ақша сұраған адам болмады, себебі мемлекеттің халқына көмек беретін халі болмады. Мемлекеттің өзі қарызға белшеден батқан еді. Әркім өзінің тірлігі мен амалын жасап күнін көретін.

Сол жылдары Моңғолиядан көптеген қазақ елімізге көш аударған болатын. Оларға мемлекет ешқандай көмек жасамады. Жоқшылықты бірге бастан кештік. Сіздер болса, Қытайдың қазақтары дап дайынға келіп алып, мемлекеттен алудан басқа ештеме жасамайсыздар. Мемлекеттен алуға, мына халықтан алуға, мына мен саияқты нағыз қазақтан алуға қалай ұялмайсыздар. Біз сіздерге біздің жерімізді, пайдалы қазбаларымызды және т.б. не үшін берү керекпіз? Сіз мына менің отаным, мемлекетім үшін не жасадыңыз?

Келіп алып бізді орыстанып кеттіңдер деп жақтыртпайсыңдар. «Қазақ қазақ жерінде қазақша сөйлеу керек» деп ақыл айтасыңдар. «Біз таза қазақ тілінде сөйлейміз» деп мақтанасыңдар. Біздің орысша сөйлейтінімізге өздерің кінәлісіңдер. Сіздер қиын кезде бізбен бірге болып, қашып кетпегеніңіздерде, кім біледі егемендігімізді ертерек алар ма едік? Кім біледі сіздер қашып кеткеннен, санымыз азайып орыстар бізді басынған шығар?

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/men-aza-pyn-ytaydan-oralyp-kelgen-a-ayyndaryma-417799](https://yvision.kz/kk/post/men-aza-pyn-ytaydan-oralyp-kelgen-a-ayyndaryma-417799)