---
title: "Мен авиацияны сүйемін!"
description: "Мен авиацияны сүйем a Естеріңізге түсіріңізше, балалық шақта, балабақшада ойнап жүргенде аспанда ұша..."
author: "AidynFlight"
published: "2014-09-18T10:46:33+00:00"
modified: "2018-07-18T05:34:38+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/men-aviaciyany-s-yemin-430186"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/men-aviaciyany-s-yemin-430186/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мен авиацияны сүйемін!

> Мен авиацияны сүйем a Естеріңізге түсіріңізше, балалық шақта, балабақшада ойнап жүргенде аспанда ұша...

Мен авиацияны сүйем

![Мен авиацияны сүйемін!](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/Tq3UOcU8SujR5q0w134TQwv5tE2l2c.jpg)

Естеріңізге түсіріңізше, балалық шақта, балабақшада ойнап жүргенде аспанда ұшақ көре салып бәріміз қатарға тұрып «Самолет Вертолет Забери меня в полет...» деп айқай салып қуанатынбыз.

![Мен авиацияны сүйемін!](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/t9dV5tk4iAnRGubqmJvd1UC6A3CTOU.jpg)

Бұл соқыр сезім. Адам жаратылысынан ұша алмайтындықтан аспанды армандайды. Құс болып аспанда самғағанды армандамайтын адам жоқ шығар.

![Мен авиацияны сүйемін!](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/1y29RI6O39Mz8YhgekvrYLeE7vLzkh.jpg)

Әттен әр адамның пилот болу қолынан келмейді. Аспанда самғап ұшу оңай қол жетімді жағдай емес. Өсе келе кейбіреуіміз өмірдің ырғағымен аспанға деген құштарлықты жоғалттық, кейбіреуіміздің денсаулығымыз келмеді.

![Мен авиацияны сүйемін!](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/z67pm7w7h5IjF8aFaTBK9h24aj429p.jpg)

Маған келсек, менде сол балалардың бірімін. Бала шағымнан таң қалатынмын, қалайша ондаған тонна темір аспанға оңай самғап көтеріледі . Неткен әр түрлі ұшақтар бар. Біреуі адам тасымалдайтын, екіншісі жүк тасымалдайды, біреуі судан ұшса екіншісі жерге қонады.

![Мен авиацияны сүйемін!](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/U8AtX6JfOKG7mynoDUlqSG5G1179su.jpg)

![Мен авиацияны сүйемін!](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/lsVy9RujA9wftS1Kg5tG083hdK3IJL.jpg)

![Мен авиацияны сүйемін!](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/A5v4YBm77cb6tGuy614f1UKsQ5dZaM.jpg)

Ал сіздер білесіз бе, бүгінгі таңда заманауи ұшақтар бір жерде жасалмайды. Әр бөліктері әр түрлі қалаларда жасалып, бір құрастыру зауытында жиналады. Мысалға, Airbus команиясын қарастырсық, бөліктері Францияда, Германияда, Ұлы Британияда және Испанияда жасалады, ал соңғы құрастыру зауоттары Тулуза (Франция) және Гамбург (Германия) қалалрында жасалады.

![Мен авиацияны сүйемін!](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/pP039EQqsJ7XkeyijrnSfmQY5lZPTe.jpg)

Ал қозғалқышына тоқтасақ, ұшақ жасайтын компаниялар қозғалқыштарды бөлек компаниялардан сатып алады. Негізгі үш қозғалтқыш жасайтын компания бар, олар – АҚШтың Pratt & Whitney General Electric және Ұлы Британиялық Rolls-Royce. Бұнда мені таң қалдыратыны - Авиацияның алып қарқыны.

Авиациа тарихына қарасақ. Бастапқы кездерің оқысақ, құрастурышылар қандай ынтагерлік көрсетті, күндіз түні жұмыс істеп, аспанға көтеріліп ұшу арманың жобаға асырды.

![Мен авиацияны сүйемін!](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/Y04T6yh1T4O874tmOW1sUUQtRgi92R.jpg)

![Мен авиацияны сүйемін!](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/g11dxSa02SBC50YMt0DmZF3Mh665Q2.jpg)

Жумыс барысымен Қазақстан қалаларына жиі сапарға шығамын. Өзіммен бірге әрқашан бейнекамера. Неге десеңіз? Мұндай керемет көріністі естелікке сақтап, басқа да адамдарға көрсеткім келеді.

![Мен авиацияны сүйемін!](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/90a4kJBtlL4LoO1S52RdV0Ekn7HCJj.jpg)

![Мен авиацияны сүйемін!](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/JXwhhRk4Mk7EzyE9Yh7BQ7PUvtZ80i.jpg)

![Мен авиацияны сүйемін!](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/7VPZYh70doMGhIseQG4hRMBHvye77G.jpg)

![Мен авиацияны сүйемін!](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/9TV8yfGkG10CPDsdxlNJZPJWfju60u.jpg)

![Мен авиацияны сүйемін!](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/11r8TGPIu2avSZ83AOarb1hJUhw0Ny.jpg)

![Мен авиацияны сүйемін!](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/TfYC1xov01VMdMXg8fOzJPK0UFakKr.jpg)

![Мен авиацияны сүйемін!](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/avE92LwjHH9W0Gy3o2I3yOUow7Q8MX.jpg)

![Мен авиацияны сүйемін!](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/3FghmIwe7zx8fE70qtPo0OwtcntfBJ.jpg)

Өздеріңіз білгендей, мен әуе споттермын. Қолым тиген сайын Әуежайға жол бұрам.

Шүкір, біздің мемлекетімізде Азаматтық Авиация Академиясы бар. Кішкентайдан, жолдан бұрылмай, пилот болғысы келетін жастар аз емес. Алайда пилот мамандар әлі де жеткіліксіз. Осыған орай Эйр Астана компаниясының «Эйр Астанамен мансап» жобасы уқатылы жүзеге асуда. Жолым басқа болғанымен, мен авиация сүйер жанкүйермін. Аспанда самғау – бостандықпен тең. Шіркін, ақ құтан құс болып ұшқанға не жетсін.

![Мен авиацияны сүйемін!](https://storage.yvision.kz/images/user/aidynflight/U9vZRhFPtyGBBrDhZAnn024uCYPSJw.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/men-aviaciyany-s-yemin-430186](https://yvision.kz/kk/post/men-aviaciyany-s-yemin-430186)