---
title: "Мен ғашықпын..."
description: "Мен ғашықпын сол бір мұңлы сезімге, Өшіп жанған жүректегі өкпелеген сөзіңе. Бар ойымды жаулап алдың..."
author: "2girlfriendsmi"
published: "2014-05-19T21:43:01+00:00"
modified: "2014-05-19T21:43:01+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/men-ashy-pyn-414261"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/men-ashy-pyn-414261/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мен ғашықпын...

> Мен ғашықпын сол бір мұңлы сезімге, Өшіп жанған жүректегі өкпелеген сөзіңе. Бар ойымды жаулап алдың...

![Мен ғашықпын...](https://storage.yvision.kz/images/user/2girlfriendsmi/E8pZ5xbHGnzIB94K94Ly54aHoB59iK.jpg)

*Мен ғашықпын сол бір мұңлы сезімге,*

*Өшіп жанған жүректегі өкпелеген сөзіңе.*

*Бар ойымды жаулап алдың сен менің,*

*Өткір сөзің, білгір көзің шыңдалады төзімге.*

*Өзге жанды қаламаймын өзіңдей,*

*Айтшы жаным, себебіңді кідірмей*

*Қарастырған парағындай өмірдің,*

*Келіп едің қуанышын білдірмей.*

*Әлсіз деген сірә болар қиындыққа төзбеген,*

*Бәлкім пенде жоқшылыққа көнбеген.*

*Қатыгез бір өмірдің көлеңкесі көрініп,*

*Соққы беріп, өрлесе батылдығы сөнбеген.*

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/men-ashy-pyn-414261](https://yvision.kz/kk/post/men-ashy-pyn-414261)