---
title: "«Мемлекеттік жастар саясаты 2020ж.» концепциясы қалай жүзеге асуда? 1-бөлім"
description: "Облыс әкімі Асқар Мырзахметовпен бірге «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша көп пәтерлі үйлердің құрылыс..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2018-05-28T18:48:41+00:00"
modified: "2018-05-28T19:10:47+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-zhastar-sayasaty-2020zh-koncepciyasy-alay-zh-zege-asuda-1-b-lim-805821"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-zhastar-sayasaty-2020zh-koncepciyasy-alay-zh-zege-asuda-1-b-lim-805821/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Мемлекеттік жастар саясаты 2020ж.» концепциясы қалай жүзеге асуда? 1-бөлім

> Облыс әкімі Асқар Мырзахметовпен бірге «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша көп пәтерлі үйлердің құрылыс...

Облыс әкімі Асқар Мырзахметовпен бірге «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша көп пәтерлі үйлердің құрылысы барысымен танысты, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттерімен, «Жас Отан» жастар қанатының IV съезіне қатысушылар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, шығармашылық зиялылар, «100 жаңа тұлға» жобасының қатысушылармен кездесті, сондай-ақ партияның облыстық филиалының конференциясына қатысты.

Мемлекет басшысы Парламент Палаталарының бірлескен отырысында «Нұр Отан» партиясына «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» бағдарламасын іске асыруға бақылау жасауды тапсырды және бұған дейін елдегі жетекші саяси күшке негізгі мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына мониторингті күшейту туралы тапсырма берді.

Мемлекет басшысының маңызды бастамалары мен тапсырмаларын іске асыру саласында облыс республикада жетекші орындарға ие болды. Мысалы, өткен жылы тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші 24,9% -ды құрады, бұл облыстың осы көрсеткіш бойынша жетекші өңірлер қатарына енуін қамтамасыз етті. Ағымдағы жылдың соңында облыс орталығының картасында жаңа шағын аудан пайда болады. Президенттің «Нұрлы жер» бағдарламасына сәйкес бірнеше тұрғын үй салынады, жыл соңына дейін 800 отбасы өз шаршы метрлеріне ие болады. Таяу уақытта қалада 784 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріліп, шамамен 9 мың отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. Қазіргі уақытта 15,3 мың адам тұрғын үйді күтуде, ал жаңа ықшамаудан күту парағының 58,8 пайызын қажетті шаршы метрмен қамтамасыз етеді. Құрылыс алаңында шамамен 800 тұрақты жұмыс орны құрылды, ал жобаның өзіндік құны 6,1 млрд. теңгеге бағаланды.

Сапар барысында М. Әшімбаев өңірдегі жастар саясатына, оның қалай жүзеге асып жатқанына да баса назар аударды. Еліміз дамушы әрі жас ұлт, әрбір екінші қазақстандық 30 жасқа толмаған екенін ескерсек, жастар саясатын дұрыс жолға қойып, дамыту маңызды екенін түсінеміз. Еліміздің болашағы жастардың қоғамға ықпалымен, дамуымен тығыз байланыста. Еліміздің болашағы бүгіннен қалануда.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-zhastar-sayasaty-2020zh-koncepciyasy-alay-zh-zege-asuda-1-b-lim-805821](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-zhastar-sayasaty-2020zh-koncepciyasy-alay-zh-zege-asuda-1-b-lim-805821)