---
title: "Мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісі"
description: "2016 жылдың 2 ақпанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы ..."
author: "AlmatyAnticorruption"
published: "2016-02-03T02:55:23+00:00"
modified: "2016-02-03T02:55:23+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetti-zha-a-lgisi-676461"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetti-zha-a-lgisi-676461/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісі

> 2016 жылдың 2 ақпанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы ...

2016 жылдың 2 ақпанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті (әрі қарай–Департамент) мен «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалымен бірлесе отырып, Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университетінде профессорлық-оқытушылар құрамы мен студент жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында **«Жастардың негізі әлеуметтік саты баспалдақтарындағы мемлекеттік қызметтің рөлі»** атты тақырыпта семинар кеңес өткізілді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Мақсатхан Анапин Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 5 институционалды реформасын жүзеге асыру аясында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына, сондай-ақ, бірінші реформадағы - қазіргі кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру мен мемелекеттік қызмет жүйесін реформалау бойынша нақты әрекеттерді іске асыру мәселелеріне тоқталды.

Барлық мемлекеттік оның ішінде құқық қорғау қызметкерлеріне жаңа серпін беретін 69 баптан тұратын «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заң қабылданды. Заңда қазіргі мемлекеттік қызметкерлерді кешенді аттестатаудан өткізу және олардың талаптарын жетілдіру мен жаңа еңбекақы енгізу мәселелері қарастырылған.

Студенттерге мемлекеттік қызметке тұрудың жаңа шарттары - меритократия принциптерінен тұратын мансаптың өсу үлгісі дәлірек айтқанда алғашқы рет жұмысқа қабылданғандар өз қызметтерін ең төменгі лауазымнан бастау мәселелері түсіндірілді.

Сонымен қатар, іс-шара барысында Мақсатхан Анапин үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы». «Этикалық кодекс», «Қоғамдық кеңестер туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңдарға толық түсінікте берді.

ҚазҰЗТУ проректоры Найман Қалабаев университетте 5 институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқтала келе, өткізіліп жатқан шараның Ұлттық жоспарды жүзеге асыру мен студенттер үшін өте маңызды екенін атап өтті.

![Мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісі](https://storage.yvision.kz/images/user/almatyanticorruption/SQn5PcXQjg2JtiQXX1SQDUnd6ojTG1.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetti-zha-a-lgisi-676461](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetti-zha-a-lgisi-676461)