---
title: "Мемлекеттік қызметтің тартымдылығы артуда"
description: "Ағымдағы жылғы 13 мамырда Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойын..."
author: "finpolsko"
published: "2016-05-15T23:09:20+00:00"
modified: "2016-05-15T23:09:20+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetti-tartymdyly-y-artuda-693376"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetti-tartymdyly-y-artuda-693376/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекеттік қызметтің тартымдылығы артуда

> Ағымдағы жылғы 13 мамырда Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойын...

![Мемлекеттік қызметтің тартымдылығы артуда](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/u5SCoHmCVE80YN4XgL2TXkS2c8bSS5.jpg)

Ағымдағы жылғы 13 мамырда Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшылығы «Түлек 2016» бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты. Іс-шарада өңіріміздің мемлекеттік мекемелеріндегі әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің бірқатар бос лауазымдары ұсынылды.

Жәрмеңкеге қатысқан Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Е.Ф. Степаненко, дәстүрге айналған форумның жоғары тиімділігін атап өтті. Өйткені мемлекеттік қызметтің қатарын толықтыруға ниет білдіруші жастардың саны жыл сайын артуда.

![Мемлекеттік қызметтің тартымдылығы артуда](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/04J879zbE5DC1AFz1oW0Ay6nPXzdlL.jpg)

Департамент өкілдері Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік органдарындағы үш жүзге тарта бос лауазымдарымен таныстырып қана қоймай, аудандар кесіндісіндегі мемлекеттік органдар қызметінің негізгі бағыттары және оларға қойылатын талаптар туралы толық мағлұмат берді.

![Мемлекеттік қызметтің тартымдылығы артуда](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/ZrWA0FWVegopKCdR2i9Hw0U07sRMPG.jpg)

![Мемлекеттік қызметтің тартымдылығы артуда](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/6fPFL3bFQ3qM42noW65AEGCga11MO0.jpg)

![Мемлекеттік қызметтің тартымдылығы артуда](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/zV4J4VHybUKNd240634UJTdikn0Icv.jpg)

Сондай-ақ жәрмеңке барысында түлектерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған парақшалар таратылды.

Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасы жас мамандарға 46-58-08, 50-18-21 телефондары бойынша әрқашан кеңес беруге дайын.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetti-tartymdyly-y-artuda-693376](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetti-tartymdyly-y-artuda-693376)