---
title: "Мемлекеттік қызметті реформалау туралы"
description: "А.ж. 25 мамырда Департамент Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-05-30T08:23:06+00:00"
modified: "2017-05-30T08:23:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetti-reformalau-turaly-768447"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetti-reformalau-turaly-768447/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекеттік қызметті реформалау туралы

> А.ж. 25 мамырда Департамент Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100...

А.ж. 25 мамырда Департамент Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамының «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» бірінші реформасын іске асыру аясында «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақмола филиалының арнасында «Әлеумет» телехабарында мемлекеттік қызметті реформалау мәселелері тақырыбындағы тікелей эфир ұйымдастырды.

Хабарға Департамент басшысы Берген Беспалинов қатысты.

Сұхбат барысында облыстағы мемлекеттік қызметшілердің кадрлық әлеуеті, мемлекеттік қызметшінің қасиеттері туралы әңгіме өрбіді.

Мемлекеттік қызметшінің қасиеттері туралы әңгімелей отырып, Б. Беспалинов қазіргі заманның мемлекеттік қызметшісінің бойында жоғары кәсіби шеберлік, адалдық, табандылық, бастамашылдық және әрине, өз халқын құрмет тұту сынды ерекше қасиеттер болуы тиіс екенін, сонымен қатар, жоғары моральдық және адамгершілік қасиеттердің де алатын орны ерекше екенін атап өтті.

Сонымен бірге, тікелей эфир барысында Б. Беспалинов мектеп оқушыларымен жүргізіліп отырған жұмыс және «Адал ұрпақ» бағдарламасының жүзегше асырылуы туралы әңгімеледі. Көрермендердің назарына Көкшетау қ. №5 «Таңдау»мектеп-гимназиясының оқушысы Әліби Мұқышевтың «Выбор» атты бейнеролигі ұсынылды. Аталған ролик «Адал ұрпақ» бағдарламасы аясында өткен «Транспарентті және есеп беретін мемлекет» бейнероликтер байқауына қатысқан болатын. Б. Беспалиновтың айтуы бойынша, жастарымыз адал жолды, жемқорлықсыз болашақты таңдайды.

Сонымен қатар, сұхбаттасушылардың ерекше назары Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің негізгі бағыттарын, Әдеп жөніндегі кеңестердің өкілеттіктеріне түсіндіруге, мемлекеттік қызметтің беделін көтеруге, мемлекеттік қызметшілердің қатарындағы жастар санын арттыруға, мемлекеттік қызметке жаңа орналасқандарға тәлімгерлік жүргізу және құқық қорғау органдарына қызметке тұрудың жаңа ережелеріне қатысты мәселелерге аударылды.

«Әлеумет» телехабарын келесі сілтеме бойынша көруге болады: https://www.youtube.com/edit?o=U&video_id=LDscRNIKQLM

![Департамент госслужбы](http://akm.kyzmet.gov.kz/sites/default/files/news/01_0.png)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetti-reformalau-turaly-768447](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetti-reformalau-turaly-768447)