---
title: "Мемлекеттік қызметтің имиджін қалыптастыру және нығайту жөніндегі семинар"
description: "2016 жылдың 31 мамыры күні Есіл ауданының әкімдігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет ..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-06-01T07:28:39+00:00"
modified: "2016-06-01T07:28:39+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetti-imidzhin-alyptastyru-zh-ne-ny-aytu-zh-nindegi-seminar-695814"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetti-imidzhin-alyptastyru-zh-ne-ny-aytu-zh-nindegi-seminar-695814/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекеттік қызметтің имиджін қалыптастыру және нығайту жөніндегі семинар

> 2016 жылдың 31 мамыры күні Есіл ауданының әкімдігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет ...

![Мемлекеттік қызметтің имиджін қалыптастыру және нығайту жөніндегі семинар](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/0709TTdHsaInQmLDLD6YBATLHQHIYe.jpg)

2016 жылдың 31 мамыры күні Есіл ауданының әкімдігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Қ.А. Жапақовтың төрағалық етуімен ҚР мемлекеттік қызметінің реформасын, «100 нақты қадамның» Ақмола облысында жүзеге асырылуын, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы мен Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін түсіндіру жөніндегі семинар өткізілді.

Кездесуге Есіл ауданының әкімі А. Қалжанов, аудандық мәслихаттың депутаттары, ауылдық округтердің әкімдері, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары мен қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялардың өкілдері және бұқаралық акпарат құралдары қатысты.

Әңгіме барысында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің имиджін арттыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Семинар аяқталған соң Департамент басшысы қатысушылардың кездесу барысында туындаған сұрақтарына жауап берді және сапалы мемлекеттік аппараттың қалыптасуы мемлекет пен қоғамның бірлесіп жұмыс жасауына байланысты екенін атап өтті.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetti-imidzhin-alyptastyru-zh-ne-ny-aytu-zh-nindegi-seminar-695814](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetti-imidzhin-alyptastyru-zh-ne-ny-aytu-zh-nindegi-seminar-695814)