---
title: "Мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделі және қызметтік әдеп ережелері"
description: "2016 жылдың 4 тамыз күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің БҚО бойынша департаменті «Батыс..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2016-08-05T05:23:51+00:00"
modified: "2016-08-05T05:23:51+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetti-aza-standy-modeli-zh-ne-yzmettik-dep-erezheleri-705654"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetti-aza-standy-modeli-zh-ne-yzmettik-dep-erezheleri-705654/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделі және қызметтік әдеп ережелері

> 2016 жылдың 4 тамыз күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің БҚО бойынша департаменті «Батыс...

# 2016 жылдың 4 тамыз күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің БҚО бойынша департаменті «Батыс Қазақстан облыстық Азаматтық Альянсы» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігімен бірлесіп, «Азаматтық бақылау» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделі және қызметтік әдеп ережелері» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.

# Ғылыми-тәжірибелік конференцияның мақсаты мемлекеттік қызмет институтының қоғамдағы рөлі мен миссиясын кеңінен насихаттау, мемлекеттік қызметшілердің рухани-адамгершілік бейнесіне және іскерлік сапаларына талаптарды арттыруға бағытталған мемлекеттік қызмет және қызметтік әдеп ережелерінің қазақстандық моделінің қалыптасу және даму кезеңін баяндау болып табылады.

# Конференция жұмысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің БҚО бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы А.Жұбаныш, департамент басшысының орынбасары Ж.Мұратов, «Батыс Қазақстан облыстық Азаматтық Альянсы» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті, Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі Ә.Салиева, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығынан бейіні бойынша докторы М.Ермеков баяндама жасады.

# Шара барысында баяндамашылармен Ұлт Жоспарындағы бірінші институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі жұмыстар, соның ішінде биылғы І жартыжылдықта Қазақстанда мемлекеттік қызметтің конкурстық іріктеуге негізделген мансаптық моделі енгізілгені жөнінде ақпараттар берілді.

# Үкіметтік емес ұйымдар тарапынан мемлекеттік басқару аппаратын жетілдіру бойынша пікірлер айтылып, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу бағытында үкіметтік емес ұйымдармен тығыз байланыс жасайтын мемлекеттік қызметшілерді арнайы алғыс хаттармен марапаттау жөнінде ұсыныстары берілді.

# Конференцияға облыстық басқармалар мен аумақтық департаменттер басшылары мен мамандары, үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetti-aza-standy-modeli-zh-ne-yzmettik-dep-erezheleri-705654](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetti-aza-standy-modeli-zh-ne-yzmettik-dep-erezheleri-705654)