---
title: "Мемлекеттік қызметтің қазақстандық үлгісі және қызметтік әдеп ережелері"
description: "А.ж. 12 тамызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынш..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-08-13T01:59:42+00:00"
modified: "2016-08-13T01:59:42+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetti-aza-standy-lgisi-zh-ne-yzmettik-dep-erezheleri-706896"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetti-aza-standy-lgisi-zh-ne-yzmettik-dep-erezheleri-706896/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекеттік қызметтің қазақстандық үлгісі және қызметтік әдеп ережелері

> А.ж. 12 тамызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынш...

А.ж. 12 тамызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Көкшетау қаласында, Сәтпаев көш.,1 «б» мекенжайында (конференц-зал) «Мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделі және қызметтік этика ережелері» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Конференцияның міндеттері мен мақсаттары қоғамда мемлекеттік қызмет институтының рөлін ашу және миссиясы. Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік бейнесіне және іскерлік сапаларына деген талаптарды арттыруға бағытталған мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделінің қалыптасуы мен даму кезеңін және қызметтік этика ережесін айқындауға бағытталған.

Конференция барысында 5 баяндама тыңдалды, баяндамаларда мемлекеттік қызметтің имиджін арттыруға, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика нормаларын сақтауына бағытталған жұмыстың тетіктері және әдіс-тәсілдері бойынша ұсыныстар көрініс тапты.

Конференция жұмысына құқық қорғау органдарының, мемлекеттік мекемелердің, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және жоғарғы оқу орындарының өкілдері қатысты.

Іс-шараның соңында баяндамалар жинағы әзірленіп, жұмыс барысында қолдану үшін мемлекеттік органдарға үлестірілді.

![Мемлекеттік қызметтің қазақстандық үлгісі және қызметтік әдеп ережелері](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/8H32hoalBbO91j7tlNVR3H3np7A9mf.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetti-aza-standy-lgisi-zh-ne-yzmettik-dep-erezheleri-706896](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetti-aza-standy-lgisi-zh-ne-yzmettik-dep-erezheleri-706896)