---
title: "«Мемлекеттік қызметтерді электронды үкімет веб-порталы арқылы алу мүмкіндігі» атты «дөңгелек үстел» отырысы өтті."
description: "Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының қолдауымен \"Жаңа-Ру\" жастар коалициясы мен \"ХҚК..."
author: "ceka"
published: "2014-05-05T05:55:23+00:00"
modified: "2014-05-05T05:55:23+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetterdi-elektrondy-kimet-veb-portaly-ar-yly-alu-m-mkindigi-atty-d-gelek-stel-otyrysy--412294"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetterdi-elektrondy-kimet-veb-portaly-ar-yly-alu-m-mkindigi-atty-d-gelek-stel-otyrysy--412294/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Мемлекеттік қызметтерді электронды үкімет веб-порталы арқылы алу мүмкіндігі» атты «дөңгелек үстел» отырысы өтті.

> Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының қолдауымен "Жаңа-Ру" жастар коалициясы мен "ХҚК...

![«Мемлекеттік қызметтерді электронды үкімет веб-порталы арқылы алу мүмкіндігі» атты «дөңгелек үстел» отырысы өтті.](https://storage.yvision.kz/images/user/ceka/9GkLw61gtXfc9CkTa6zTIQN83y7hiK.jpg)

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының қолдауымен "Жаңа-Ру" жастар коалициясы мен "ХҚКО" РМКның Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен 23 сәуір 2014 жылы сағат 18.00-де "ХҚКО" РМКның Жамбыл облыстық филиалы №1 бөлімінде "Мемлекеттік қызметтерді электронды үкімет веб-порталы арқылы алу мүмкіндігі" атты "дөңгелек үстел" отырысы өтті. Отырыста мемлекеттік қызметтерді электронды үкімет порталы арқылы алу мүмкіндіктерін талқылады. Қала тұрғындары мен "ХҚКО-ның" қызметіне жүгінген азаматтардың сұрақтарына тұшымды жауаптар берді. Электронды үкімет порталы 2000-нан аса мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetterdi-elektrondy-kimet-veb-portaly-ar-yly-alu-m-mkindigi-atty-d-gelek-stel-otyrysy--412294](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetterdi-elektrondy-kimet-veb-portaly-ar-yly-alu-m-mkindigi-atty-d-gelek-stel-otyrysy--412294)