---
title: "Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау бойынша мониторинг жүргізу қорытындысын талқылаутуралы Алматы қаласында жиналыс өткізілді"
description: "2016 жылдың 18 ақпанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы..."
author: "AlmatyAnticorruption"
published: "2016-03-11T23:45:41+00:00"
modified: "2016-03-11T23:45:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetter-k-rsetu-sapasyn-ba-alau-boyynsha-monitoring-zh-rgizu-orytyndysyn-tal-ylauturaly-683062"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetter-k-rsetu-sapasyn-ba-alau-boyynsha-monitoring-zh-rgizu-orytyndysyn-tal-ylauturaly-683062/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау бойынша мониторинг жүргізу қорытындысын талқылаутуралы Алматы қаласында жиналыс өткізілді

> 2016 жылдың 18 ақпанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы...

2016 жылдың 18 ақпанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басшысы Б.К. Камаловтың төрағалық етуімен мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына ішкі бақылау бойынша 2015 жылдың қорытындысын талқылау бойынша жиналыс өтті.

Жиналысқа Алматы қаласы әкімі аппаратының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсететін жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Осы жиналыста Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басшысының орынбасары Г.Г. Данияров «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша мониторинг жүргізу қорытындысы туралы» тақырыпта өз баяндамасын оқыды.

Сонымен қатар, Алматы қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметті бақылау және ақпараттық технологиялардың даму бөлімінің басшысы М.С. Суюндуков «Алматы қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы» тақырыптағы баяндамасын оқыды.

Әрі қарай Алматы қаласы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Алматы қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары Ж.Т. Баймуханбетова 2015 жылы ХҚКО-ның атқарған жұмысы туралы слайд көрсете отырып, өз баяндамасын оқып шықты.

Сонымен бірге, «Ақпараттық-ресурс орталығы» қоғамдық қорының директоры А.О. Кобеева «Мемлекеттік қызмет көрсету мониторингіндегі ҮЕҰ рөлі» атты баяндамасын баяндады.

Жиналыстың қорытындысы бойынша Б.К. Камалов мемлекеттік органдардың басшыларына мемлекеттік қызмет көрсету сапасын көтеруді бақылауға алуды тапсырды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetter-k-rsetu-sapasyn-ba-alau-boyynsha-monitoring-zh-rgizu-orytyndysyn-tal-ylauturaly-683062](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetter-k-rsetu-sapasyn-ba-alau-boyynsha-monitoring-zh-rgizu-orytyndysyn-tal-ylauturaly-683062)