---
title: "Мемлекеттік қызметтегі жас басшыларға арналған семинар тренинг"
description: "ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққ..."
author: "anticorruption_tz"
published: "2015-06-19T05:10:26+00:00"
modified: "2015-06-19T05:10:26+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmettegi-zhas-basshylar-a-arnal-an-seminar-trening-514766"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmettegi-zhas-basshylar-a-arnal-an-seminar-trening-514766/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекеттік қызметтегі жас басшыларға арналған семинар тренинг

> ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққ...

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауын, «Қазақстан 2020: Болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру және 5 институционалдық реформадан туындаған «100 нақты қадам» бағдарламасын орындауда мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында Меркі ауданы әкімдігінің қолдауымен Департаменттің ұйымдастыруымен 2015 жылдың 11-13 маусым аралығында мемлекеттік органдардағы басқарушы буын – жас мемлекеттік қызметшілерге арналған 3 күндік семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренингке облыстағы басшылық қызметіндегі жастар (ауыл әкімдері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, облыс әкімдігінің бөлім басшылары мен орталық атқарушы органдардың жергілікті департаменттерінің басқарма басшылары) қатысты. Жас басшылар алғашқы күні топтарға бөлініп, арнайы (менің атым ...?! суағар, шырмаудан шығып көр және т.б.) тренингтер өткізілді. Сонымен қатар, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, үстел теннисі және бильярд ойындарынан жарыстар өтіп, жеңімпаздар Меркі ауданының әкімі атынан дипломдар және медальдармен марапатталды. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығының лекторлары семинардың екінші күні басқарудағы шешім қабылдау мәселелері мен көшбасшылық қасиеттерді дамыту, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша дәрістер оқылды. Сонымен қатар, психологиялық стрессті басқару, шұғыл туындаған жағдайда әрекет ету тәртібі, көпшілік алдында сөйлеу тақырыптары бойынша тренингтер ұйымдастырылды. Жастар өздерінің тек іскерлік қабілеттерін ғана емес өнерлерін де көрсетті. Бағдарламаға сәйкес «Сәлем – бұл біз» атты таланттылар фестивалі ұйымдастырылып, әр топ ән салып, би биледі, әзіл көрініс көрсетті. Семинар-тренингтер мен оқыту курстарының қорытындысы бойынша қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmettegi-zhas-basshylar-a-arnal-an-seminar-trening-514766](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmettegi-zhas-basshylar-a-arnal-an-seminar-trening-514766)