---
title: "«Мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол жоқ!» атты дөңгелек үстел"
description: "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін..."
author: "StopCorruption"
published: "2015-07-15T07:37:11+00:00"
modified: "2015-07-15T07:37:11+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmette-sybaylas-zhem-orly-k-rinisterine-zhol-zho-atty-d-gelek-stel-521927"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmette-sybaylas-zhem-orly-k-rinisterine-zhol-zho-atty-d-gelek-stel-521927/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол жоқ!» атты дөңгелек үстел

> Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін...

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің *(әрі қарай - Департамент)* ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың **5 маусымында** Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментінің конференц-залында **«Мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол жоқ!»** атты дөңгелек үстел болып өтті. Аталған іс-шараға ҚР Бас Прокуратурасы **Құқықтық статистика және арнайы есеп Комитетінің** Маңғыстау облысы бойынша басқармасы, Маңғыстау облысының **ішкі істер департаменті** және **«Нұр Отан» партиясының** Маңғыстау облыстық филиалының өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы **Ербол Жұмабай** Қазақстан Республикасының 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен оның орындалу барысы, «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты ҚР Президентінің Халыққа Жолдауы және «100 нақты қадам» жоспарының Агенттік құзыретіне жататын талаптары бойынша түсіндіріп өтті.

Сонымен бірге Департаменттің жаңа жұмыс бағыттары – талдау және сыбайлас жемқорлық қатерлерін анықтау, жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бойынша сөз қозғалды.

Сөз соңында дөңгелек үстел қатысушыларына Агенттіктің ресми [www.anticorruption.gov.kz](http://www.anticorruption.gov.kz) сайтының, өтініштерді қабылдауға арналған [www.1494.kz](http://www.1494.kz) порталының, **1494** **Call-центрінің** жұмысы бойынша және республикалық «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» журналы туралы ақпарат беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы жадынамалар таратылып, тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.

![«Мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол жоқ!» атты дөңгелек үстел](https://storage.yvision.kz/images/user/stopcorruption/xDFia9t9ay9z7lGur5I528uH0qERn8.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmette-sybaylas-zhem-orly-k-rinisterine-zhol-zho-atty-d-gelek-stel-521927](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmette-sybaylas-zhem-orly-k-rinisterine-zhol-zho-atty-d-gelek-stel-521927)