---
title: "Мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормалары мен мінез-құлық қағидалары тікелей эфирде талқыланды"
description: "2016 жылдың 18 мамырда ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша де..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2016-05-20T05:18:05+00:00"
modified: "2016-05-20T05:18:05+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshilerini-deptilik-normalary-men-minez-ly-a-idalary-tikeley-efirde-tal-ylandy-694110"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshilerini-deptilik-normalary-men-minez-ly-a-idalary-tikeley-efirde-tal-ylandy-694110/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормалары мен мінез-құлық қағидалары тікелей эфирде талқыланды

> 2016 жылдың 18 мамырда ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша де...

2016 жылдың 18 мамырда ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі Кеңес хатшылығының меңгерушісі Ж.Мұратов «ТДК-42» телеарнасының «Шындықпен бетпе-бет» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты.

Бағдарламаның негізгі тақырыбы мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары, қызметтік қатынастардағы және қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлықтың жалпы стандарттары және Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі жөнінде болды.

Бағдарламада Жақсат Мұратов мемлекеттік қызметшілер өздерінің моральдық-адамгершiлік бейнесiне жоғары талаптар қоя білуі керектігін айтып, мемлекеттік қызметшілер өздерінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін қызметіне жұмсай отырып, іскерлік қасиеттерге ие болу керектігін атап өтті.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshilerini-deptilik-normalary-men-minez-ly-a-idalary-tikeley-efirde-tal-ylandy-694110](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshilerini-deptilik-normalary-men-minez-ly-a-idalary-tikeley-efirde-tal-ylandy-694110)