---
title: "Мемлекеттік қызметшілерге аттестация жайында"
description: "Ағымдағы жылдың 27 желтоқсанында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қим..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-12-27T23:29:56+00:00"
modified: "2016-12-27T23:29:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshilerge-attestaciya-zhayynda-742099"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshilerge-attestaciya-zhayynda-742099/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мемлекеттік қызметшілерге аттестация жайында

> Ағымдағы жылдың 27 желтоқсанында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қим...

Ағымдағы жылдың 27 желтоқсанында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 100 нақты қадам ұлт жоспары «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» реформасының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша семинар ұйымдастырды. Семинарға облыстық басқармалар мен орталық мемлекеттік органдар аймақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері қатысты.Семинардың модераторы Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Р.Братаева 2017 жылдың 1 жартыжылдығына жоспарланған «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің кешенді аттестациясын өткізу тәртібін түсіндіруге баса назар аударды. Жиналған қауым аттестацияны өткізу кезеңдері, лауазымдардың санатына байланысты аттестаттау комиссияларының деңгейлері туралы ақпараттандырылды. Қоғамдық кеңестер, ғылыми-сараптамалық, академиялық ортаның, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіретін аттестаттау комиссиялары жұмысының объективтігін, айқындығын қамтамасыз етуге ерекше мән берілді.

Аталмыш семинар әрбір қатысушының туындаған сұрақтарына жан-жақты толық жауап алуға мүмкіндік беретін ашық сұхбат құруға мүмкіндік берді.

Іс-шара 82 адамды қамтыды.

![Департамент госслужбы](http://akm.kyzmet.gov.kz/sites/default/files/news/1_250.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshilerge-attestaciya-zhayynda-742099](https://yvision.kz/kk/post/memlekettik-yzmetshilerge-attestaciya-zhayynda-742099)